Skip to content
Басты бет / Әлеумет / Мақтааралда этносаралық татулықты нығайту мен қоғамдық тұрақтылықты қамтамасыз ету бойынша жедел кеңес өтті

Мақтааралда этносаралық татулықты нығайту мен қоғамдық тұрақтылықты қамтамасыз ету бойынша жедел кеңес өтті

92

2026 жылғы 4 тамыз күні Мақтаарал ауданы әкімдігінің үлкен мәжіліс залында этносаралық татулықты нығайту, қоғамдық тұрақтылықты сақтау және өзге ұлт өкілдерінің арасындағы құқық бұзушылықтардың алдын алу мәселелеріне арналған жедел кеңес өтті.

Түркістан облысы Полиция департаменті бастығының орынбасары, полиция полковнигі Шералы Әділханұлы төрағалық еткен жиынға аудан әкімінің орынбасары Серік Тұрсынқұлов, аудан прокуратурасының өкілдері, аудандық ішкі саясат бөлімінің басшысы мен аудандық этномәдени орталықтардың басшылары, аудандық полиция бөлімінің бастығы мен орынбасарлары, бөлімше мен топ жетекшілері, сондай-ақ полиция бөлімінің жеке құрам қызметкерлері қатысты.

Жедел кеңестің негізгі мақсаты – өңірдегі этносаралық келісімді одан әрі нығайту, қоғамдық тұрақтылықты сақтау, құқық бұзушылықтардың алдын алу бағытындағы жұмыстарды жетілдіру және мемлекеттік органдардың өзара іс-қимылын күшейту болды.

Күн тәртібінде этносаралық татулықты нығайту, қоғамдық тұрақтылықты сақтау және өзге ұлт өкілдерінің арасындағы құқық бұзушылықтардың алдын алу туралы мәселелер қаралды. Аталған тақырып бойынша Мақтаарал аудандық полиция бөлімі бастығының бірінші орынбасары, полиция майоры Ержан Жылқыбаев баяндама жасап, аудандағы қоғамдық-саяси ахуалға, құқықтық тәртіпті қамтамасыз етуге бағытталған профилактикалық жұмыстарға және құқық бұзушылықтардың алдын алу шараларына жан-жақты тоқталды.

Баяндама барысында аудан аумағында этносаралық келісімді сақтау, түрлі этнос өкілдері арасында өзара сыйластық пен түсіністікті нығайту бағытында атқарылып жатқан жұмыстар сараланып, құқық қорғау органдары мен жергілікті атқарушы органдардың өзара үйлесімді әрекетінің маңыздылығы атап өтілді. Сонымен қатар, құқық бұзушылықтардың алдын алу, қоғамдық тәртіпті сақтау, тұрғындар арасында құқықтық мәдениетті қалыптастыру және әлеуметтік желілердегі арандатушылық сипаттағы ақпараттардың таралуына жол бермеу мәселелеріне ерекше назар аударылды.

Кеңес барысында қатысушылар этносаралық қатынастар саласындағы тұрақтылықты қамтамасыз етуге бағытталған өзекті мәселелерді талқылап, мемлекеттік органдар мен құқық қорғау құрылымдарының бірлескен жұмысын жетілдіру жөнінде ұсыныстарын ортаға салды. Сондай-ақ профилактикалық іс-шаралардың тиімділігін арттыру, халықпен кері байланысты күшейту және құқық бұзушылықтардың алдын алу бағытындағы ақпараттық-түсіндіру жұмыстарын жүйелі түрде жалғастыру қажеттігі айтылды.

Жиын қорытындысында қоғамдық қауіпсіздікті қамтамасыз ету, этносаралық келісімді сақтау және құқықтық тәртіпті нығайту бағытындағы жұмыстарды одан әрі күшейту жөнінде нақты тапсырмалар беріліп, жауапты құрылымдарға тиісті міндеттер жүктелді.

Добавить комментарий

Для отправки комментария вам необходимо авторизоваться.