Жұма, Қараша 22, 2024
7.2 C
Мырзакент
ҮйБасты жаңалықМАҚТААРАЛДА ӘКІМ ЫСҚАҚТЫҢ ШЫҒАРМАШЫЛЫҚ КЕШІ ӨТТІ

МАҚТААРАЛДА ӘКІМ ЫСҚАҚТЫҢ ШЫҒАРМАШЫЛЫҚ КЕШІ ӨТТІ

Мақтааралдың төрінде ақын, жазушы, журналист, сатирик, композитор, заңгер, мемлекет және қоғам қайраткері Әкім Әбдіқайымұлы Ысқақтың «Жүректегі жазулар» атты шығармашылық кеші өтті.

Іс-шараға аудан әкімі Бақыт Асанов қатысып, қаламгердің үстіне шапан жауып, арнайы құттықтады.

«Өзім мемлекеттік қызметте жүргеннен кейін, Әкім Ысқақтың қайраткерлігін айта кетпесем болмас. Бұл кісі Қазақстан парламентаризмінде тұңғыш қазақ тілінде «Халықтың көші-қоны туралы» заңын жазған депутат ретінде тарихта аты қалған азамат. Осы заңның негізінде елімізде Көші-қон және демография жөніндегі агенттік, облыстарда көші-қон басқармалары құрылды. Отанға оралу да, жәрдемақы да, баспана алу да осы заңмен іске асып келеді. Бүгінде осы кісінің арқасында алыс және жақын шетелдерден 1 миллионнан аса қандастарымыз елге оралды. Сондықтан, бүгінгі кереметтей кеште ағамызға зор денсаулық, отбасына амандық, ұзақ өмір, шығармашылық табыс тілеймін!» – деді, Бақыт Насырханұлы.

Шығармашылық кеш барысында қаламгердің төл туындыларынан өлеңдер, шығармалар оқылып, әндері шырқалды.

Айта кетейік, Әкім Ысқақ 1960 жылы Оңтүстік Қазақстан облысы, Ордабасы ауданы, Бөржар ауылында туған. «Ерен еңбегі үшін», «Астанаға 10 жыл», «Қазақстан Республикасы Парламентіне 10 жыл», «Астана» медальдарымен, Қазақстан Республикасы Президентінің Алғыс хатымен, Қазақстан Республикасы Парламенті Сенатының Құрмет грамотасымен марапатталған. Моңғолияның «Шыңғысхан» медалінің иесі. Қазақстан Республикасы Білім беру ісінің үздігі.

ҰҚСАС МАҚАЛАЛАР

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
мұнда сіздің атыңызды енгізіңіз

ЕҢ ТАНЫМАЛ