Skip to content
Басты бет / Азаматтық қорғаныс / Мақтааралда балалардың қауіпсіздігіне арналған ата-аналар форумы өтті

Мақтааралда балалардың қауіпсіздігіне арналған ата-аналар форумы өтті

63

Мақтаарал ауданының білім бөлімінің ұйымдастырумен 2026 жылғы 19 мамырда «Бала қауіпсіздігі – ортақ жауапкершілік» тақырыбында аудандық ата-аналар форумы өтті.

Мәдениет үйінде өткен форумға аудандық төтенше жағдайлар бөлімінің қызметкерлері, құқық қорғау органдарының өкілдері, білім саласының мамандары, қоғам белсенділері, ата-аналар мен аудан тұрғындары қатысты.

Аталған тақырыпта аудан тұрғындарына шомылу маусымы кезіндегі қауіпсіздік талаптарын сақтау бойынша кеңінен түсіндірме жұмыстары жүргізілді.

Форумға Түркістан облысы ТЖД Жедел құтқару жасағы қызметкерлеріде қатысып, алғашқы медициналық көмек көрсету дағдылары, соның ішінде жүрек-өкпе реанимациясын жүргізу тәсілдері көрсетіліп, суда құтқару әдістерін арнайы құралдарды көрсету арқылы түсіндірілді.

Бөлім қызметкерлері тарапынан аудан тұрғындарына ауданда суармалы каналдарға шомылмау, балаларды қараусыз қалдырмау, судағы қауіпсіздік талаптарын сақтау бойынша кең көлемде түсіндірме жұмыстары жүргізілді.

Іс-шара барысында оқушылардың шығармашылық жұмыстары таныстырылып, концерттік бағдарлама көпшілік назарына ұсынылды. Бала тәрбиесі, отбасы құндылықтары, жасөспірімдердің қауіпсіздігі, ата-ана жауапкершілігі және психологиялық қолдау мәселелері кеңінен қозғалды.

Жиын барысында облыстық Қазақстан Халық ассамблеясы жанындағы ақсақалдар кеңесінің төраға орынбасары, педагог-тренер Н.Сапарханұлы, аудан әкімінің орынбасары Б.Анарбеков, аудандық білім бөлімінің басшысы м.у.а Б.Пулатовалар өз ой-пікірлерімен бөлісіп, маңызды кеңестері мен ой-пікрлерін жеткізді. Сондай-ақ, қатысушылар тарапынан қойылған сұрақтарға жауаптар беріп, ашық пікір алмасу алаңы қалыптасты.

Айта кетейік, «Бала қауіпсіздігі – ортақ жауапкершілік» форумының негізгі мақсаты – бала қауіпсіздігін қамтамасыз ету, ата-ана мен қоғамның жауапкершілігін арттыру және өскелең ұрпақтың жарқын болашағын қалыптастыру болды.

Добавить комментарий

Для отправки комментария вам необходимо авторизоваться.