Skip to content
Басты бет / СЭС / Бақылау мақсатында сатып алу нәтижелері

Бақылау мақсатында сатып алу нәтижелері

20

✅️ Түркістан облысының санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаментінің аумақтық басқармалары өнімдерді бақылау мақсатында сатып алу аясында ағымдағы жылдың І-тоқсанында 339 тауарлардың сынамасын зерттеді.

Жалпы зерттелген тауардың 28-нен (немесе 8,2%) Еуразиялық экономикалық одақтың техникалық регламенттерінің талаптарына сәйкессіздік фактілері анықталды. Бұл ретте, өндірістік емес тауарларға қатысты сәйкессіздік көрсеткіші жоғары – сатып алынған 118 өндірістік емес тауарлардың 16-сы, 221 азық-түлік өнімінің 12 сынамасы нормативтік актілердің талаптарына сай емес.

✍️ Бақылау мақсатында сатып алу нәтижелері бойынша өнімдердің сапасына қойылатын талаптарды бұзушылықтардың 89,3%-тауарларды таңбалау көрсеткіші бойынша, 10,7% -микробиологиялық көрсеткіштер бөлігінде.

✍️ Талаптарға сәйкес келмейтін өнімдер сатылымнан алынып, жедел ден қою шаралары қабылданып, дүкен сөрелерінен 1,8 кг кулинарлық өнімдер, 1,6 кг жеңіл өнеркәсіп өнімдері алынып, жеткізіп берушіге кері қайтарылды.

Халықтың санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылығы саласындағы нормативтік құқықтық актілердің талаптарының бұзылуына әкеп соқтырған мән-жайлар, себептер мен жағдайларды анықтау мақсатында көтерме және бөлшек сауда қызметін жүзеге асыратын 12 кәсіпкерлік субъектілеріне тергеп-тексеру жүргізіліп, 2 кәсіпкерлік субъектісіне 45 АЕК мөлшерінде айыппұл салынды. Бұл тексерулер сапасыз өнімдердің жеткізілу тізбегін, бұзушылықтардың қандай жағдайда орын алғанын анықтауға бағытталған.

✍️ Департамент дүкен сөрелерінен өнімдерді таңдау кезінде бірінші кезекте тауардың таңбалануына мән беруді ұсынады. Таңбалауда өнімнің атауы, дайындалған күні, шарттары мен сақтау мерзімдері, құрамы, тағамдық қасиеттері мен ерекшеліктері және өндіруші туралы мемлекеттік және орыс тілдерінде ақпарат көрсетілуі қажет.

Сондай-ақ, ЕАС белгісімен таңбаланған өнім Еуразиялық экономикалық одақтың техникалық регламенттерінің талаптарына сәйкестігін расталып, барлық қажетті зертханалық сынақтардан өткенін көрсетеді. Тауарды сатып алмас бұрын сатушыдан декларация, сәйкестік туралы сертификат, мемлекеттік тіркеу туралы куәлік сияқты тауардың сәйкестігін растайтын құжаттарды талап етуге құқылы екеніңізді хабарлаймыз.


Түркістан облысының санитариялық-эпидемиологиялық

бақылау департаменті басшысы Н.Нышанов

Добавить комментарий

Для отправки комментария вам необходимо авторизоваться.