Жаз мезгілінде халықтың жаппай демалатын орындарына келушілер саны артады. Осыған байланысты демалыс орындарының санитариялық талаптарға сай болуы — халық денсаулығын қорғаудың маңызды бөлігі.
Халықтың жаппай демалу орындарына мыналар жатады:
• қалалық жағажайлар
• саябақтар
• демалыс базалары
• спорттық базалар
• ашық ауадағы демалыс аумақтары
Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2020 жылғы 30 қарашадағы № ҚР ДСМ-220/2020 бұйрығына сәйкес демалыс орындары (жағажайлар) эпидемиялық мәні жоғары объектілерге жатады.
Суға шомылу маусымы басталғанға дейін санитариялық-эпидемиологиялық қорытынды алынуы тиіс.
Жаппай демалу орындарына қойылатын талаптар Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2022 жылғы 26 шілдедегі № ҚР ДСМ-67 бұйрығымен бекітілген санитариялық қағидалармен регламенттеледі.
Орналастыру талаптары:
Демалыс орындары:
• порттардан
• шлюздерден
• су электр станцияларынан
• сарқынды суларды ағызатын жерлерден
• мал қоралары мен суаратын жерлерден
кемінде 500 метр қашықтықта орналастырылады.
Өнеркәсіптік кәсіпорындардың санитариялық-қорғаныш аймақтарынан тыс орналасуы қажет
Қоршаған ортаны ластау және шу көздеріне қатысты жел жағынан орналастырылады
Жағажайлар ауыз сумен жабдықтау көздерінің санитариялық қорғау аймағында орналастырылмайды
Тазалық талаптары:
• Жағажай аумағы қоқыстан тұрақты тазаланады
• Урналар жағажайларда әр 40 метр сайын орналастырылады
• Саябақтарда 800 м² алаңға кемінде 1 урна қойылады
• Қоқыс жәшіктері толуына қарай тазаланып, жуылып, күтіп ұсталады
Жағажай аумағында:
Күннен қорғайтын шатырлар
Шезлонгтар
Орындықтар
Жатақтар орналастырылады
Киініп-шешіну кабиналары
50 адамға 1 кабина есебімен орнатылады
Тазалау жұмыстары:
• Күнделікті жағажай жабылғаннан кейін тазалау жүргізіледі
• Дәретханалар мен жасыл аймақтар дезинфекцияланады
• Күні бойы ағымдық тазалау жүргізіледі
• Қалдықтар дер кезінде шығарылуы тиіс
Құмды жағажайларда:
• Аптасына 1 рет құм қопсытылады
• Қалдықтар жиналады
• Құм тегістеледі
• Құм немесе қиыршық тас жыл сайын себіледі
Жағажайларда:
• кір жууға
• жануарларды шомылдыруға
• рұқсат етілмеген жерлерде шомылуға
тыйым салынады
Қалдық контейнерлері демалушылар көп жиналатын орындардан 50 метрден жақын емес қашықтықта орналастырылады.
Шомылуға тыйым салынған жерлердегі арнайы белгілерге назар аударыңыз!
Жағажайлардың санитариялық жағдайы – әрқайсымызға байланысты.
Тазалықты сақтап, қауіпсіздік талаптарын бірге орындайық!
Түркістан облысының санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаменті басшысы Н.Нышанов


