Skip to content
Басты бет / СЭС / СҮТ ЖӘНЕ СҮТ ӨНІМДЕРІН ТҰТЫНУДАҒЫ ҚАУІПСІЗДІК ЕРЕЖЕЛЕРІ

СҮТ ЖӘНЕ СҮТ ӨНІМДЕРІН ТҰТЫНУДАҒЫ ҚАУІПСІЗДІК ЕРЕЖЕЛЕРІ

16

Сүт пен сүт өнімдері күнделікті ас мәзірінің маңызды бөлігі болғанымен, тез бұзылатын тағам түріне жатады. Оларды дұрыс сақтамау немесе тұтыну талаптарын сақтамау тағамдық улануға әкелуі мүмкін. Сүт — сальмонелла, ішек таяқшасы және листерия сияқты бактериялардың көбеюіне қолайлы орта.

Тағамдық уланудың негізгі себептері:

• жарамдылық мерзімі өткен өнімдерді тұтыну;

• термиялық өңдеуден өтпеген шикі сүт;

• тиісті температурада сақталмаған сүт өнімдері.

Сүт өнімдерін таңдауда назар аудару қажет:

• өнімдерді тек ресми сауда орындарынан сатып алу;

• пастерленген өнімдерге басымдық беру;

• қаптаманың бүтіндігіне, дайындалған күні мен жарамдылық мерзіміне мән беру;

• бақылаусыз, бейберекет сауда орындарындағы сүт пен сүзбені тұтынбау.

Сақтау талаптары:

• сүт өнімдерін +2…+6 °C температурада сақтау;

• бөлме температурасында ұзақ уақыт қалдырмау;

• қаптама ашылғаннан кейін ұсынылған мерзімде тұтыну;

• шикі ет пен балықтан бөлек сақтау;

• иісі, дәмі немесе құрылымы өзгерген өнімдерді қолданбау.

Шикі сүтті ішер алдында міндетті түрде қайнату қажет. Балаларға, жүкті әйелдерге және егде жастағы адамдарға тек пастерленген сүт өнімдерін тұтыну ұсынылады.

Жеке гигиена талаптары:

• тамақтанар алдында қолды жуу;

• таза ыдыс-аяқ пайдалану;

• тоңазытқыштың тазалығы мен температуралық режимін сақтау.

Тағамдық улану белгілері байқалса (жүрек айну, іштің ауыруы, іш өту, дене қызуының көтерілуі, әлсіздік), әсіресе балаларда, дереу медициналық көмекке жүгіну қажет.

Қорытынды:

Сүт өнімдерін дұрыс таңдау, сақтау және тұтыну — тағамдық уланудың алдын алудың тиімді жолы. Тағам қауіпсіздігіне жауапкершілікпен қарау бүкіл отбасының денсаулығын қорғауға мүмкіндік береді.


Түркістан облысының санитариялық-эпидемиологиялық

бақылау департаменті басшысы Н.Нышанов

Добавить комментарий

Для отправки комментария вам необходимо авторизоваться.