Skip to content
Басты бет / Басты жаңалық / Мақтааралда Қазақстан халқының бірлігі күні аталып өтті

Мақтааралда Қазақстан халқының бірлігі күні аталып өтті

93

1 мамыр — Қазақстан халқының бірлігі күні мерекесіне орай Мақтаарал ауданында ауқымды мәдени іс-шара ұйымдастырылды. Мерекелік кеш Мырзакент кентінің орталық саябағында «Бір халық – бір ел – бір тағдыр» атты ұранмен өтті.

Іс-шараның негізгі мақсаты – ел бірлігін нығайту, түрлі этнос өкілдерінің достығы мен татулығын дәріптеу, сондай-ақ ұлттық мәдениеттердің байлығын насихаттау болды. Мерекелік кешке аудан тұрғындары мен қонақтары көптеп жиналып, ерекше көтеріңкі көңіл-күйде демалды.

Кеш барысында аудандық мәдениет үйінің өнерпаздары мен этномәдени орталықтардың өкілдері сахна төрінде өнер көрсетіп, көпшілікке әсем әндер мен билерден құралған концерттік бағдарлама ұсынды. Түрлі ұлттардың мәдени ерекшеліктерін танытатын шығармашылық нөмірлер көрермендердің ыстық ықыласына бөленіп, қошеметке ие болды.

Саябақ аумағында қазақтың ұлттық киіз үйі тігіліп, әр этностың салт-дәстүрі мен тұрмыс-тіршілігін бейнелейтін көрмелер ұйымдастырылды. Қолөнер бұйымдары, ұлттық киімдер мен тағамдар көпшілік назарына ұсынылып, келушілерге ерекше әсер сыйлады.

Мереке аясында саябақтағы субұрқақ іске қосылып, тұрғындар бала-шағасымен серуендеп, таза ауада уақыт өткізді. Балаларға арналған ойын алаңдары мен демалыс аймақтары да мерекелік көңіл-күйді арттыра түсті.

Аталған іс-шара – елдегі бейбітшілік пен келісімнің, ынтымақ пен бірліктің айқын көрінісі болды. Мақтаарал ауданында мұндай игі бастамалар алдағы уақытта да өз жалғасын табатын болады.

Добавить комментарий

Для отправки комментария вам необходимо авторизоваться.