Қазақ күресінен «Оңтүстік Қазақстан» облыстық қоғамдық-саяси газетінің жүлдесі үшін дәстүрлі түрде ұйымдастырылған 63-ші турнир биыл да тартысты әрі әсерлі сәттерге толы болды.
Осы додада 60 келі салмақ дәрежесінде бақ сынаған спортшымыз Тугушов Рузимон ерекше шеберлігі мен мықты дайындығын паш етіп, қарсыластарының барлығын айқын басымдықпен жеңіп шықты.
Рузимонның әрбір белдесуі оның тек физикалық дайындығын ғана емес, сонымен қатар қайсар мінезі мен жеңіске деген жігерін айқын көрсетті. Ол финалдық кездесуде де қарсыласына еш мүмкіндік қалдырмай, сенімді түрде жеңіске жетіп, турнирдің алтын жүлдегері атанды. Бұл — қажырлы еңбектің, үздіксіз жаттығудың және табандылықтың нәтижесі.
Осындай биік жетістікке жету жолында спортшымызға бағыт-бағдар беріп, оның шеберлігін шыңдаған жаттықтырушысы Мырзабеков Нұрсұлтанның еңбегі де орасан зор. Бапкердің кәсіби біліктілігі мен спортшыға деген сенімі Рузимонның жеңіс тұғырына көтерілуіне үлкен серпін берді.
Айта кетейік, бұл жеңіс — тек жеке жетістік емес, Мақтаарал ауданының абыройын асқақтатқан маңызды белес.


