Skip to content
Басты бет / Әлеумет / Мақтааралда кітап апталығы басталды

Мақтааралда кітап апталығы басталды

46

«Озық ойлы ұлт болудың төте жолы – кітап оқу». Бұл – Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаевтың тағылымы терең, мағынасы айрықша сөзі.

Аталған бастама Ұлттық құрылтайдың үшінші отырысында көтеріліп, Қазақстан Республикасында Ұлттық кітап күнін белгілеу туралы нақты тапсырма берілген болатын. Соның нәтижесінде 2025 жылдан бастап 23 сәуір – Ұлттық кітап күні елімізде кең көлемде аталып өтуде.

Осы мерекеге орай Мақтаарал аудандық орталық кітапханасында 2026 жылдың 16–23 сәуір аралығында ұйымдастырылған кітап апталығының ашылу салтанаты жоғары деңгейде өткізілді. Аталған мәдени іс-шара аудан тұрғындарының рухани өміріндегі маңызды оқиғалардың біріне айналды.

Апталық шеңберінде өткен «Артық білім – кітапта» атты мерекелік кештің ашылу рәсімін Мақтаарал ауданы әкімінің орынбасары Серік Алтынбекұлы жүргізіп, көпшілікті Ұлттық кітап күні мерекесімен құттықтады. Өз сөзінде ол кітап оқудың қоғам дамуындағы маңыздылығын атап өтіп, өскелең ұрпақтың білімді, саналы, парасатты болып қалыптасуында кітаптың алатын орны ерекше екеніне тоқталды.

Іс-шараның мазмұндық тұрғыдан мәнін арттырған маңызды бағыттардың бірі – «Өзің оқы, кітапханаға кітап сыйла» акциясы болды. Аталған игі бастамаға ауданның зиялы қауым өкілдері, ауылдық округ әкімдері, дербес бөлім басшылары, мекеме жетекшілері мен білім беру ұйымдарының ұжымдары белсенді түрде атсалысты.

Қатысушылар кітапхана қорын толықтыру мақсатында өз таңдауларымен құнды әдебиеттерді сыйға тартып, кітап қорының сапалық деңгейін арттыруға елеулі үлес қосты.

Бұл бастама, бір жағынан, кітапхана қорын байытуға мүмкіндік берсе, екінші жағынан, қоғамда кітап оқуға деген қызығушылықты арттырып, рухани құндылықтарды насихаттауға жол ашты.

Айта кетейік, кітап – адамзаттың рухани қазынасы, білім мен парасаттың сарқылмас қайнар көзі. Сондықтан, кітап оқуды насихаттау, оны қоғамдық мәдениеттің ажырамас бөлігіне айналдыру – уақыт талабы.

Добавить комментарий

Для отправки комментария вам необходимо авторизоваться.