Skip to content
Басты бет / АЙМАҚ / Аудан басшысының тұрғындармен жоспарлы кездесулері жалғасуда

Аудан басшысының тұрғындармен жоспарлы кездесулері жалғасуда

122

Қазақстан Республикасы Президентінің «Әкімдердің халықпен кездесулерін өткізу туралы» Жарлығына сәйкес, қоғамды демократияландыру, жүргізіліп жатқан реформалар туралы тұрғындарды кеңінен ақпараттандыру, сондай-ақ жергілікті атқарушы органдардың ашықтығы мен есептілігін арттыру мақсатында Мақтаарал ауданы әкімінің халықпен жоспарлы кездесулері жалғасуда.

Бүгін аудан әкімі Бақыт Асанов бастаған аудан активі Еңбекші ауылдық округінің тұрғындарымен көшпелі кездесу өткізді.

Кездесу барысында аудан басшысы 2025 жылы атқарылған жұмыстарға жан-жақты тоқталып, 2026 жылға жоспарланған негізгі жобалар мен міндеттерді таныстырды. Сонымен қатар, Еңбекші ауылдық округінде жүзеге асырылған инфрақұрылымдық және әлеуметтік жобаларға ерекше назар аударылды.

Атап айтқанда, 2025 жылы «Ауыл – ел бесігі» жобасы аясында округтің 9 көшесіне асфальт төселіп, жалпы ұзындығы 9314 метрді құрады. Сондай-ақ, аудандық бюджеттен бөлінген 20 млн теңге қаржыға Жантақсай ауылында спорт алаңшасы салынып, пайдалануға берілді. Бұдан бөлек, округке қарасты барлық ауылдар толықтай газбен қамтылды.

Жиын барысында аудан әкімі тұрғындарды толғандыратын әлеуметтік мәселелерге ерекше көңіл бөліп, өзекті проблемалар мен оларды шешу жолдары жөнінде нақты түсіндірмелер берді.

Кездесу соңында ашық микрофон ұйымдастырылып, тұрғындар өз сұрақтарын тікелей қою мүмкіндігіне ие болды. Көтерілген барлық мәселелер бойынша аудан әкімі тарапынан нақты жауаптар беріліп, тиісті жұмыстар жүргізілетіні атап өтілді.

Добавить комментарий

Для отправки комментария вам необходимо авторизоваться.