Мақтаарал АПБ ЖПҚ кәмелетке толмағандардың істері жөніндегі учаскелік полиция инспекторлары мен “Жастар ресурстық орталығы” КММ инспекторлары оқушылардың жол қауіпсіздігі бойынша іс-шаралар атқаруда!
Жолдағы қауіпсіздік жағдайы маңызды және өзекті мәселелердің бірі болып қала береді. Ол үшін бұл бағытта көп нәрсе жасалып жатыр. Заңнамалар өзгертіліп, жолдарда жаңа инженерлік шешімдер енгізіліп келеді. Ақпараттық жүйелер мен бағдарламалар жол жүрісіне қатысушылардың қауіпсіздігін арттырып, полиция жұмысын жақсартуға мүмкіндік береді.
Балалар – жол жүрісіне қатысушылардың ең осал санаттарының бірі. Сондықтан балалар мен жасөспірімдердің жол жүрісі қағидаларын бұзбауын түсіндіру, ереже бұзу жәйттеріне куә болған жағдайда оның алдын алу – әрбір ересек адамның міндеті.
Осы орайда Мақтаарал АПБ ЖПҚ кәмелетке толмағандардың істері жөніндегі учаскелік инспекторлары мен “Жастар ресурстық орталығы” КММ инспекторлары мектеп оқушыларына жол қауіпсіздігі бойынша жол ережелерін түсіндіруі, оқушылардың жолдан өту қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында бір шама іс-шаралар атқаруда!