Вторник, 1 июля, 2025
26.1 C
Мырзакент
ҮйСЭСЖаз мезгілінде жиі кездесетін жұқпалы аурулардың бірі – жіті ішек инфекциясы

Жаз мезгілінде жиі кездесетін жұқпалы аурулардың бірі – жіті ішек инфекциясы

Жіті ішек инфекциясы бұл – асқазан-ішек жолдарына бактериялар мен вирустардың түсуінің нәтижесінде асқазан-ішек жолдарының зақымдануымен жүретін жұқпалы аурулар тобы. Инфекция қоздырғыштары адамға алиментарлы, ауыз-нәжіс жолымен және жеке бас гигиена талаптарын сақтамаған жағдайда жұғады. Тамақ, су, тұрмыстық заттар, ойыншықтар аурудың берілу факторлары болып табылады. Сондай-ақ антисанитариялық жағдайлар, үй жағдайында дайындалған тағамдарды сақтау және дайындау технологияларының бұзылуынан, санитариялық қағидаларды сақтамай дайындалған тамақ өнімдерін тұтыну, ашық су көздеріне шомылу арқылы, қайнатылмаған суды тұтынуда жіті ішек инфекцияларын жұқтыруға себептері бола алады. Жіті ішек инфекциялары жылдың кез келген мезгілінде туындауы мүмкін. Вирусты инфекция көбінесе күн суытқанда, тұмаумен және ЖРВИ-мен сырқаттану деңгейі артқан кезде көбейсе, бактериялық инфекциямен сырқаттану жаз мезгілінде арта түседі.

Ішек жұқпасының негізгі клиникалық белгілері: іштің жиі су сияқты өтуі, дене қызуының көтерілуі, асқа тәбеті болмау, шөлдеу, құсу, бас ауру, жалпы әлсіздік, селқостық, мазасыздық, ауырсыну, дәретінде қан қоспасының немесе кілегейдің пайда болуы. Науқаста қайталамалы құсып, іш өткен сайын жағдайы ауырлай түседі. Өйткені, организм өз тіршілігіне қажетті су мен тұздарды көп жоғалтады. Аталған клиникалық белгілер пайда бола бастағаннан дәрігерге көріну керек. Аурудың алдын алу үшін: – жеке бас гигиенасын сақтау;

-тамақ ішердің алдында және дәретханадан кейін қолды сабынмен мұқият жуыңыз; -тек қайнатылған немесе бөтелкедегі суды пайдалану; -пайдаланудың алдында жеміс пен көкөністі жақсылап жуып, қайнаған сумен шайыңыз; -өнімдердің жақсылап қуырылып, қайнатылуына көңіл бөліңіз;

-жұмыртқаны шикі немесе шала қайнатылған күйінде қолданбаңыз;

-дайын тамақты пайдалану кезінде оның исіне, дәміне мұқият мән беріп, тез бұзылатын тағам өнімдерін тоңазытқышта сақтаңыз;

– арнайы көрсетілген жерлерде шомылыңыз.

Есте сақтаңыздар! Жай ғана ішектің қалыпты жұмысының бұзылуынан пайда болып басталған ауру, өте қауіпті асқынуларға (қатты қан кетуге, ағзаның сусыздануына, тіпті өлім-жітімге де) әкеліп соқтыруы мүмкін. Аурудын алғашқы белгілері біліне бастағаннан-ақ, бірден медициналық көмекке жүгініңіздер!

Түркістан облысының санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаменті басшысы Н.Нышанов

ҰҚСАС МАҚАЛАЛАР

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
мұнда сіздің атыңызды енгізіңіз

ЕҢ ТАНЫМАЛ