Среда, 16 июля, 2025
39.5 C
Мырзакент
ҮйСЭСТырысқақ (холера) инфекциясының зардабы қандай?

Тырысқақ (холера) инфекциясының зардабы қандай?

Тырысқақ – аса қауіпті карантиндік, жедел жұқпалы ауру. Тырысқақ вибрионы – ауру қоздырғышы суда, ашық су қоймаларында, тағамдарда кездесуі мүмкін. Инфекцияның адамға жұғу жолдары: дертке шалдыққан адаммен қарым- қатынаста болып, оның заттарын қолданғанда, жеке бас гигиенасын сақтамаудың салдарынан, инфицирленген суды қолданғанда немесе сол суда шомылған жағдайда, көкөністерді жумай пайдаланғанда және ластанған қол арқылы жұғады.

Тырысқақ ауру қоздырғышы суда, ашық су қоймаларында, тағамдарда бірнеше айға дейін сақталады.

Алдын – алу жолдары:

Әрбір адам жеке бас гигиенасын қатаң сақтауы керек. Жеміс –жидек пен көкөністерді тағамға қолданар алдында міндетті түрде жуу, қайнаған сумен шаю, суды және сүтті тек қайнатып ішу, тағам өнімдерін шыбындардан сақтау, қолды сабынмен жуу, күдікті не көшеде сауда жасайтын адамдардан тағам және су сатып алмау керек. Арнайы дүкендерден таза, барлық санитарлық талаптарды сақтаған сауда орындарынан тағам және сусындарды сатып алған абзал. Су көздерін әр түрлі ластанулардан сақтау керек. Барлық қоқыстарды салатын шелектердің, ыдыстардың беті тығыз жабылған дұрыс және де қоқыстарды жинайтын орындарды жүйелі түрде залалсыздандырып отыру қажет.

Адам ауырған жағдайда немесе ауруға күдік туған жағдайда тез арада дәрігер көмегіне жүгініп, науқас жұқпалы аурулар ауруханасына оқшаулану керек.

Түркістан облысының санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаменті басшысы Н.Нышанов

ҰҚСАС МАҚАЛАЛАР

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
мұнда сіздің атыңызды енгізіңіз

ЕҢ ТАНЫМАЛ