Сейсенбі, Желтоқсан 3, 2024
6 C
Мырзакент
ҮйӘлеуметТүнгі рейд жұмыстары жүргізілді

Түнгі рейд жұмыстары жүргізілді

Мақтаарал аудандық Прокуратура мен полиция бөлімінің кәмелетке толмағандар ісі мен жергілікті полиция қызметі инспекторлары мен аудандық ішкі саясат бөлімінің «Жастар ресурстық орталығы» КММ-мен біргелікте бекіткен іс-шара жоспарына сәйкес Атакент кентінде түнгі рейдтік шаралары жүргізілуде.

Басты мақсат – кәмелетке толмағандар арасында орын алуы ықтимал қылмыс пен құқықбұзушылықтың алдын алу, түнгі уақыттарда ата-анасынсыз үй-жайынан тыс жерлерде, нақтырағы, компьютерлік ойынханалар мен мейрамханаларда болуларына тыйым салу, бала тәрбиесіне немқұрайлылық танытатын ата-аналарды анықтап, тиісті шаралар көру, карантиндік режим уақытында қауіпсіздік және санитарлық талаптарды сақтауға дағдыландыру болып табылатын профилактикалық шара барысында жеке кәсіпкерлерге түнгі 22:00-ден кейін кәмелетке толмаған жасөспірімдерді заңды өкілдерінсіз ғимаратқа кіргізбеу, оларға темекі бұйымдары мен спирттік ішімдіктерді мүлдем сатуға болмайтындығы жайында түсіндіру жұмыстары жүргізілді.

Бекітілген жоспарға сәйкес жүргізілген түнгі рейд барысында тәртіпті бірінші рет бұзып, үй-жайынан тыс жерде заңды өкілдерінсіз жүрген кәмелеттік жасқа толмағандарға ескерту жасалды. Алдағы уақытта тұрақты түрде жүргізілетін рейд барысында екінші рет тағы анықталса хаттама толтырылып, айыппұл салынатындығы қатаң ескертілді.

ҰҚСАС МАҚАЛАЛАР

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
мұнда сіздің атыңызды енгізіңіз

ЕҢ ТАНЫМАЛ