Пятница, 1 августа, 2025
23.5 C
Мырзакент
ҮйСЭСТолығымен синтетикадан тұратын киімдер аллергиялық ауруларға алып келуі мүмкін

Толығымен синтетикадан тұратын киімдер аллергиялық ауруларға алып келуі мүмкін

Бала ағзасы тез өсіп дамиды және бұл тұрғыдан оған кедергі келтіруге болмайды. Бұл жағдайда сапасы төменірек немесе өте сапасыз форма баланың дұрыс дамуына зиянын тигізуі мүмкін.

Форма тігілетін барлық маталардың келесі аталған сапалық қасиеттері болуы қажет: жақсы ылғал тартқыштық, ауа өткізгіштік, ылғал сіңіргіштік, құрамында улағыш заттардың өте аз деңдейде болуы.

Кеден Одағының “Балалар мен жасөспірімдерге арналған өнімдердің қауіпсіздігі туралы” техникалық регламентіне сәйкес, барлық өнім мен киім құрамына қарай үш топқа бөлінеді. Регламентте көрсетілгендей жейделер, шалбарлар сияқты мектеп формасы жиынтығының құрамдас бөліктері тұтынушының тері қабатымен шектеулі байланыста болатындықтан, бұл өнімдер 2- топты киімдерге жатқызылады. Негізінен жейделер мен көйлектерді тігуге арналған маталардың құрамында 30-дан 35%-ға дейін, ал костюмдік жиынтықтарда 55%-ға дейін синтетикалық талшықтардың (полиэстер болуы мүмкін) болуы рұқсат етілген.

Егер, өнім толығымен синтетикалық талшықтардан тұрса, баланың денесі демала алмайды, ол терлейді. Аллергиялық аурулар пайда болуы мүмкін. Киім электрленіп отырады. Сондықтан, матаның құрамында екеуі де қажетті мөлшерлік деңгейде болуы керек.

Тұтынушыларға арналған кейбір белгілер:

📍 киімнің(өнімнің) сыртқы қабаты 35%-дан кем болмайтын мөлшерде табиғи талшықтардан немесе вискозадан тұруы керек;

📍 киімнің астары (екінші қабаты) 100% табиғи талшықтардан немесе вискозадан тұруы керек. Бұл үнемі ауа өткізгіштіктің болуы үшін қажет;

📍 жейделер мен көйлектерде- табиғи талшықтардың немесе вискозаның мөлшері 65%-дан кем емес;

📍 киімнің бояуының тұрақтылық сапасын анықтау үшін, матаның кішкентай бөлігін сулап, сүртіп көріңіз- сапалы мата болса, қолыңызда бояудың іздері қалмайды;

📍 формаға арналған сапалы матаның маталық тоқымасы жарықты өткізбейді.

Егер мектеп формасының сапасы мен тігісіне қатысты күмәніңіз туындаса, онда сатушыдан:

🔖 өнімнің сәйкестігі туралы декларация және қауіпсіздігі жөніндегі гигиеналық қорытындысын;

🔖 сапалық сәйкестік сертификатын талап етіңіз.

Түркістан облысының санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаменті басшысының орынбасары А.Искаков

ҰҚСАС МАҚАЛАЛАР

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
мұнда сіздің атыңызды енгізіңіз

ЕҢ ТАНЫМАЛ