Жұма, Қыркүйек 20, 2024
15.8 C
Мырзакент
ҮйЖАҢАЛЫҚТАРСіздерді спорт күні мерекесімен шын жүректен құттықтаймын!

Сіздерді спорт күні мерекесімен шын жүректен құттықтаймын!

Құрметті аудан спортшылары!

Қадірлі сала ардагерлері мен спорт сүйер қауым!

Сіздерді спорт күні мерекесімен шын жүректен құттықтаймын!

Спорт – адамзат өміріне алапат күш сыйлап, тәнге қуат, жанға мықты рух сыйлайтын қастерлі дүние. Сондықтан сергек болудың, сау болудың бірден бір жолы – спортпен шұғылдану.

Салауатты өмір салтын насихаттау, өскелең ұрпақты спортпен және дене шынықтырумен белсенді шұғылдануға тарту – бүгінгі күннің негізгі міндеттерінің бірі. Жастардың, бүкіл ұлттың денсаулығы, еліміздің қуаты көп жағдайда оның табысты түрде жүзеге асуына байланысты.

Спорт – бұл денсаулық, күш-жігер, шыдамдылық және сергектік. Халық даналығында «Тәні саудың – жаны сау» деп тегін айтылмаса керек. Салауатты өмір салтын, дене шынықтыру мен спортты дамыту – мемлекетіміздің маңызды міндеттерінің бірі.

Бүгінде біздің спортшылар ауданымыздың айбынын лайықты түрде қорғауда. Өздерінің белсенділігімен және жоғары нәтижелерімен республикамыздың беделін әлемдік аренада жоғары көтеруге ықпал етуде. Біздің аудан өзінің спорттық тарихымен және оның тамаша дәстүрлерімен мақтана алады. Өңірімізде салмақты нәтижелер мен жеңістерге жеткен түрлі спорттық жарыстардың атақты чемпиондары мен жүлдегерлерінің тұтас тобы тәрбиеленген.

Менің бастамаммен ауданымызда дене тәрбиесімен және спортпен шұғылдану жаппай өрістеп, тұрғындарға барынша қолжетімді болуы үшін қажетті жағдайлар жасалуда. Мәселен, 2021 жылы Мырзакент кентіндегі Қ.Мұңайтпасов атындағы орталық стадионға қайта құру жұмыстары жүргізілсе, 2023 жылы аудан орталығында Спорт сарайы пайдалануға берілді. Сондай-ақ, ауылдық округтерден соңғы бес жылда 20-дан астам футбол алаңшалары пайдалануға ел игілігіне берілген. Биыл Атакент кентінде тағы бір спорт кешенінің құрылысы аяқталып, тағы 4 кіші футбол алаңшаларын пайдалануға беру жоспарланған.

Ауданымызда дене тәрбиесімен және спортпен шұғылдану жаппай өрістеп, тұрғындарға барынша қолжетімді болуы үшін қажетті жағдайлар жасалуда. Қаламызда тұрғындар арасында бұқаралық спортты дамытуға маңыз беріп, спорт мектептері мен орталықтарының материалдық-техникалық базасы нығайып, заманауи талаптарға сай жаңа спорт нысандары салынуда. Жылдан жылға ашық аспан астындағы спорт жаттығу алаңдарының да саны артып келеді. Нәтижесінде дене шынықтырумен шұғылданушылар саны көбеюде.

Құрметті аудан спортшылары!

Еліміздің еңсесін көтеруде, мемлекетіміздің өркендеуі жолында биік белестерді бағындыруларыңызға, дүбірлі додаларда жеңістерге қол жеткізулеріңізге, ұлттық спорт түрлерін дамыту арқылы салауатты өмір салтын қалыптастыруларыңызға шын жүректен тілектеспін.

Елдің үміті мен тілегін арқалап, сенім үдесінен шыға білетін, ел мен жер абыройын қорғай білетін білекті де жүректі спортшыларымыздың қатары көбейе берсін.

Баршаңызға зор денсаулық, отбасыларыңызға амандық, бақ-береке тілеймін! Қазақ елінің спорт саласындағы жетістіктері мен табыстары арта берсін!

Жеңісті әрі жемісті күндеріміз көп болсын!

Құрметпен, Бақыт Асанов

Мақтаарал ауданының әкімі

ҰҚСАС МАҚАЛАЛАР

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
мұнда сіздің атыңызды енгізіңіз

ЕҢ ТАНЫМАЛ