Вторник, 4 ноября, 2025
3.7 C
Мырзакент
ҮйСЭСПрофилактикалық медициналық тексеру

Профилактикалық медициналық тексеру

Міндетті медициналық қарап-тексерулерді жүргізу тәртібі және мерзімділігі Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің м.а. 2020 жылғы 15 қазандағы № ҚР ДСМ-131/2020 бұйрығымен айқындалған.

Міндетті алдын ала медициналық қарап-тексерулер жұмысқа тұру немесе оқуға түсу кезінде кәсібі немесе оқу бойынша міндеттерді орындауға жарамдылығын анықтау, сондай-ақ жалпы, кәсіптік аурулардың алдын алу және инфекциялық және паразиттік ауруларды таратпау мақсатында жүргізіледі.

Алдын ала қарап-тексеруден өту кезінде қызметкер немесе оқуға түсетін адам өзінде айналасындағыларға қауіп төндіретін және ауыр жұмыстар, еңбек жағдайлары зиянды және қауіпті жұмыстар жағдайларында еңбекке медициналық қарсы көрсетілімдер болып табылатын созылмалы аурулардың болуы туралы мәліметтерді өз еркімен ұсынады.

Міндетті мерзімдік медициналық қарап-тексерулер жұмыс істейтіндердің денсаулық жағдайын динамикалық бақылауды қамтамасыз ету, аурулардың бастапқы белгілерін уақтылы анықтау, жалпы, кәсіптік аурулардың алдын алу және инфекциялық және паразиттік ауруларды таратпау мақсатында жүргізіледі.

Мерзімдік тексеріп-қарауларды өткізу кезеңділігі:

1) жыл сайынғы мерзімдік қарап-тексеру;

2) ауысым алдындағы медициналық куәландыру;

3) рейс алдындағы және рейстен кейінгі медициналық қарап-тексеру.

Медициналық ұйым медициналық қарап – тексеруді жүргізу үшін дәрігерлік комиссияның құрамын құрады. Зиянды өндірістік факторлармен жұмыс істейтіндерге мерзімдік қарап-тексеру жүргізу кезінде халықтың санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылығы саласындағы мемлекеттік орган ведомствосының аумақтық бөлімшелері медициналық қарап-тексерудің толық қамтылуын, сапасын және уақтылы өткізілуін бақылауды жүзеге асырады. Медициналық қарап-тексеру жүргізу аяқталғаннан кейін күнтізбелік дәрігерлік комиссияның төрағасы нәтижелерді қорытындылайды.

Медициналық қарап-тексеру жүргізу нәтижесімен әрбір жұмысшының денсаулық жағдайына байланысты басқа жұмысқа ауыстыру, стационарлық және санаторийлік-курорттық емдеу, емдеу-профилактикалық тамақтану, динамикалық бақылау тағайындалады.

Организмге зиянды өндірістік факторлардың әсер ету белгілері мен кәсіптік аурулардың белгілері бар, сондай-ақ өзінде бар ауруға байланысты кәсіптік жарамдылығын анықтау қиын болған жағдайларда және кәсіптік жарамдылыққа сараптама жүргізу мақсатында кәсіптік патология бойынша мамандандырылған көмек көрсететін медициналық ұйымға жіберіледі. Кәсіптік аурулардың алдын алуда қажетті сауықтыру және емдеу шараларын жүргізе отырып, міндетті алдын-ала және мерзімді медициналық тексерулердің маңызы зор.

Түркістан облысының санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаментінің басшы орынбасары А.Еркінбекова

ҰҚСАС МАҚАЛАЛАР

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
мұнда сіздің атыңызды енгізіңіз

ЕҢ ТАНЫМАЛ