Сенбі, Қараша 23, 2024
14.2 C
Мырзакент
ҮйЖАҢАЛЫҚТАРМақтааралды дамыту үшін не істеу керек?

Мақтааралды дамыту үшін не істеу керек?

Түркістан облысының әкімі Дархан Сатыбалды Мақтаарал ауданына іссапармен барып, мәжіліс өткізді. Кезекті рет жергілікті атқамінерлердің жұмысын саралап, ауданды дамыту жолдарын талқылады. Аудан әкіміне басқарма басшыларымен бірлесіп, қоғамның барлық саласы бойынша жұмысты жандандыруды, жаңа идеяларды жүзеге асыруды тапсырды.

– Алдыңғы кездесуімізде аудан тұрғындарын тұрақты жұмыспен қамту, жастарға жеңілдетілген шағын несие беру және мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмек алушылардың үлесін азайтуды тапсырғанмын. Мәселе назардан түспеуі тиіс. Инвестиция тарту, жұмыс орындарын ашу – негізгі бағыттар. Ауыл шаруашылығы мен сауда-саттық саласында да ауданның мүмкіндігі жоғары. Бекітілген индикаторларды толық орындаңыздар. Ауыл шаруашылығына инвестиция тарту көрсеткіші төмен. Жұмысты күшейту қажет. Бар мүмкіндіктерді пайдалана отырып, индустриалды аймақтың аумағында жаңа кәсіпорындарды ашу бойынша жұмыстарды күшейту керек, – деді Дархан Сатыбалды.

Мәжілісте аудан әкімі Бақыт Асанов атқарған жұмыстары жөнінде есеп берді. Түркістан облысы әкімі аппаратының басшысы Еркеғали Әлімқұлов ауданды дамытуға кедергі болып отырған деректерді жариялады.

Құрылыс жұмыстарының көлемі биыл 10 айдың қорытындысымен 5 млрд. теңгені құрап, жоспар толық орындалмаған. «Ауыл аманаты» бойынша балық, құс шаруашылықтары қаржыландырылмаған, жоба жоқ. Кәсіпкерлікті дамыту, индустриалды аймақты жандандыру мәселесі де өзекті күйінде тұр. Өзге де салалардағы кемшіліктер ашық айтылып, жауаптыларға жағдайды түзеу жөнінде тапсырмалар берілді.

Жауаптыларға елді мекендердегі демалыс орындары мен саябақ, скверлерді ретке келтіру, жалпы ауданды абаттандыру, көгалдандыру бойынша жұмыстарды күшейту тапсырылды.

ҰҚСАС МАҚАЛАЛАР

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
мұнда сіздің атыңызды енгізіңіз

ЕҢ ТАНЫМАЛ