Skip to content
Басты бет / Әлеумет / Мақтааралда ҰҚК бөлімшесінің жаңа басшысы таныстырылды

Мақтааралда ҰҚК бөлімшесінің жаңа басшысы таныстырылды

117

Бүгін Мақтаарал ауданында маңызды кадрлық өзгеріс орын алды. Аудан әкімі Бақыт Асанов пен ҚР Ұлттық қауіпсіздік комитеті Түркістан облысы бойынша департаменті бастығының орынбасары Жанғали Орынбаев аудан активіне ҰҚК-нің Түркістан облысы бойынша департаментіне қарасты Мақтаарал ауданы бөлімшесінің жаңа бастығы Еркебұлан Сапарғалиұлын ресми түрде таныстырды.

Жиынға аудандық мәслихат депутаттары, құқық қорғау органдарының басшылары, мемлекеттік мекемелер мен қоғамдық ұйымдардың өкілдері қатысты. Кездесу барысында Жанғали Орынбаев жаңа бөлім басшысының қызметтік тәжірибесіне тоқталып, оның ұлттық қауіпсіздік саласында жинақтаған кәсіби білімі мен жауапты қызметтерді абыроймен атқара алатын білікті маман екенін атап өтті.

Өз кезегінде аудан әкімі Бақыт Асанов Еркебұлан Сапарғалиұлын жаңа қызметімен құттықтап, ауданның тұрақтылығы мен қауіпсіздігін қамтамасыз ету жолындағы жұмысына сәттілік тіледі. Сондай-ақ жергілікті атқарушы органдар тарапынан ҰҚК бөлімшесімен тығыз әрі нәтижелі әріптестік орнайтынына сенім білдірді.

Жиын барысында жаңа бөлімше бастығы Еркебұлан Сапарғалиұлы көрсетілген сенім үшін алғысын айтып, Мақтаарал ауданында заңдылық пен қоғамдық қауіпсіздікті қамтамасыз ету, азаматтардың құқықтарын қорғау бағытында адал қызмет ететінін жеткізді.

Айта кетейік, Ұлттық қауіпсіздік комитетінің аудандық бөлімшесі өңірдегі тұрақтылықты сақтау, заң бұзушылықтардың алдын алу және мемлекеттік қауіпсіздікті қамтамасыз ету бағытында маңызды рөл атқарады. Осы орайда жаңа басшының тәжірибесі мен кәсібилігі аудан көлеміндегі қауіпсіздік шараларын одан әрі күшейтуге оң ықпал етеді деп күтілуде.

Добавить комментарий

Для отправки комментария вам необходимо авторизоваться.