Понедельник, 13 октября, 2025
19 C
Мырзакент
ҮйӘлеуметМақтааралда мемлекеттік қызметшілерге Әдеп кодексінің талаптары түсіндірілді

Мақтааралда мемлекеттік қызметшілерге Әдеп кодексінің талаптары түсіндірілді

Бүгін Мақтаарал ауданы әкімдігінің мәжіліс залында мемлекеттік қызметшілердің қатысуымен әдеп мәселелеріне арналған жиын өтті. Іс-шараның негізгі мақсаты — мемлекеттік қызметшілер арасында Әдеп кодексінің талаптарын кеңінен насихаттау және қызметтік тәртіпті сақтау мәдениетін қалыптастыру.

Аудан әкімі аппаратының басшысы м.у.а. Әділхан Тұрсынхановтың төрағалығымен өткен жиынға Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Түркістан облысы бойынша департаментінің Мемлекеттік қызметті бақылау басқармасының бас мамандары — Көпеев Мақсат Қайратұлы мен Ермаханов Әділхан Оспанұлы арнайы шақырылып, өз салалары бойынша түсіндіру жұмыстарын жүргізді.

Басқосу барысында спикерлер Әдеп кодексінің негізгі талаптары мен қағидаларына тоқталып, мемлекеттік қызметшілердің күнделікті қызметте және қоғаммен қарым-қатынаста ұстануы тиіс этикалық нормалар жайында жан-жақты ақпарат берді. Сонымен қатар, құмар ойындарына тәуелділік мәселесіне ерекше назар аударылып, бұл әлеуметтік кеселдің мемлекеттік қызметтің беделіне, қызметкердің жеке өміріне және қоғамдағы абыройына тигізетін кері әсері атап өтілді.

Мамандар мемлекеттік қызметшілер арасында мұндай келеңсіз жайттардың алдын алу үшін жауапкершілік пен тәртіпті күшейтудің маңызын айтты. Әсіресе, әлеуметтік желілерде өзін ұстау мәдениеті, қызметтен тыс уақытта да әдеп нормаларын сақтау қажеттігі ерекше ескертілді.

Жиын соңында қатысушылар өздерін толғандырған сауалдарын қойып, мамандардан нақты жауаптар алды. Іс-шара мемлекеттік қызметшілердің кәсіби этикасын нығайтып, қоғам алдында жауапкершілігін арттыруға бағытталған маңызды қадам болды.

ҰҚСАС МАҚАЛАЛАР

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
мұнда сіздің атыңызды енгізіңіз

ЕҢ ТАНЫМАЛ