Воскресенье, 1 июня, 2025
31.2 C
Мырзакент
ҮйӘлеуметМақтааралда кең ауқымды сенбілік өтті

Мақтааралда кең ауқымды сенбілік өтті

31 мамыр – Дүниежүзілік қоршаған ортаны қорғау күні және “Таза Қазақстан” республикалық экологиялық акциясы аясында Мақтаарал ауданында ауқымды сенбілік ұйымдастырылды.

Аталған іс-шараның басты мақсаты – табиғатты қорғау, қоршаған ортаны ластанудан тазарту, сондай-ақ тұрғындар арасында экологиялық мәдениетті қалыптастыру.

Сенбілік жұмыстары таңертеңгі уақытта ауданның кіреберіс қақпасынан басталып, А-15 республикалық маңызы бар автомобиль жолы мен халықаралық “М-39” бағытындағы көлік дәлізі бойында жалғасты. Аталған аумақтарда тазалық жұмыстарын жүргізуге 4 мыңнан астам аудан тұрғыны мен 23 арнайы техника жұмылдырылды.

Жол жиегіндегі арам шөптер шабылып, қоқыс қалдықтары жиналып, айнала тазартылды. Тазалау жұмыстарының нәтижесінде жалпы ұзындығы 70 шақырым жолдың бойынан 40 тоннаға жуық тұрмыстық қалдық шығарылды.

Бұл экологиялық бастама өңірдің санитарлық жағдайын жақсартуға, тұрғындардың қоршаған ортаға деген жауапкершілігін арттыруға бағытталған. Сондай-ақ, акция шеңберінде халыққа табиғатты қорғаудың маңыздылығы туралы түсіндіру жұмыстары жүргізілді.

Аудан әкімдігінің мәліметінше, жыл басынан бері елді мекендердің тазалығы мен тәртібін сақтау мақсатында кенттер мен ауылдық округ әкімдіктері тарапынан ҚР Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодекстің 505-бабы (Қалалар мен елдi мекендердiң аумақтарын абаттандыру қағидаларын бұзу) бойынша 60 ескерту беріліп, 6 тұлғаға айыппұл салынған.

Мақтаарал ауданының әкімдігі алдағы уақытта да мұндай экологиялық шаралар жалғасатынын хабарлайды. Сонымен қатар, аудан тұрғындарын қоршаған ортаны қорғауға белсенді атсалысуға шақырады.

ҰҚСАС МАҚАЛАЛАР

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
мұнда сіздің атыңызды енгізіңіз

ЕҢ ТАНЫМАЛ