Бүгін Мақтаарал ауданы әкімдігінің жанындағы халық денсаулығын қорғау жөніндегі үйлестіру кеңесінің жиыны өтті.
Аудан әкімінің орынбасары Серік Тұрсынқұлов төрағалық еткен жиынға кеңестің мүшелері қатысты. Күн тәртібінде туберкулездің алдын алу жөніндегі санитариялық-эпидемияға қарсы іс-шаралар, КҚГҚ-ның алдын алу бойынша профилактикалық және эпидемияға қарсы іс-шаралар, аудан аумағында орналасқан ауыз су мекемелерінің санитарлық техникалық жағдайы мәселелері талқыланды.
Күн тәртібіндегі бірінші мәселе бойынша аудандық санитариялық-эпидемиологиялық бақылау басқармасының басшысы Мұхит Әшірепиев және «Мырзакент» пен «Атакент» аудандық ауруханаларының бас дәрігерлері сөзге шықты.
«2025 жылдың 3 айында жалпы туберкулездің алғашқы анықталған түрімен ауырған 11 науқас тіркелген. Халық арасында туберкулез бойынша «қауіпті» топты дұрыс іріріктемеу, профилактикалық тексеруді сапалы жүргізбеу, халық арасында флюорографиялық тексеруден уақтылы өтуін жіті қадағаламау, рентген-флюорографиялық тексеру барысында өкпеде патология анықталған пациенттерді уақытылы толық тексеруден өткізбеу, жалпы тәжірибелік дәрігерлер, стационардағы емдеуші дәрігерлер туберкулезді ерте анықтау біліктілігінің жетіспеушілігінен аталған аурумен ауыратын адамдардың саны былтырғы жылмен салыстырғанда өскен» – деді, М.Әшірепиев.
Ауданның бас санитары 2024 жылы орын алған кемшіліктер бойынша 110 760 теңге айыппұл салынып, 18 медицина қызметкеріне әртүрлі тәртіптік шаралар көрілгенін де атап өтті. Ал, биыл 668 440 теңге айыппұл салынып, 11 медицина қызметкеріне түрлі тәртіптік шаралар қолданылған екен. Сонымен қатар, М.Әшірепиев туберкулездің алдын алу бойынша кеңеске өзінің нақты ұсыныстарын берді.
Күн тәртібіндегі екінші мәселе бойынша да аудандық санитариялық-эпидемиологиялық бақылау басқармасының басшысы сөзге шығып, конго-қырым геморрагиялық қызбасы ауруының эпидемиологияық ахуалына талдау жасап берді. Сондай-ақ, оның алдын алудағы кемшіліктер мен өзекті мәселелер туралы кеңінен баяндады.
2024 жылы КҚГҚ аурурына күдікті деп тіркелген ошақтарда, індеттің алдын алу мақсатында облыстық дезинфекция орталығының аудандық филиалы тарапынан және аудандық «Ветеринарлық қызметі» МКК тарапынан қора-жайларға және жапсарлас аймақтарына және үй жануарларына толықтай кенеге қарсы заласыздандыру жұмыстары жүргізілді. Дегенмен, осындай жұмысарға қарамастан былтыр КҚГҚ бойынша ауданда 5 жағдай тіркелген.
Ауданның бас санитары КҚГҚ-ның алдын алу үшін мал қораларын және айналасындағы аумақты кенеге қарсы өңдеу басталғанға дейін тазалауды ұйымдастыруға, елдімекен аумақтарында өздігінен пайда болған қоқыс үйіндісін жоюды қамтамасыз етуге, мал иірімдері, суаттар және мал шоғырланатын орындарға залалсыздандыру жұмыстарының толық қамтылуын бақылауға, «Энзоотиялық» аурулардың алдын-алу жұмыстарының бекітілген кестеге сәйкес сапалы жүргізілуін қадағалауға, аудан аумағында кемдегенде бір ауылдық округте бір мал тоғыту орнын салуға қол жеткізуге ұсыныс берді. Сондай-ақ, аурухана басшылығына КҚГҚ-ны анықтай бойынша және анықталған жағдайда қалай әрекет ету керектігі жөнінде нақты алгоритм ұсынды.
Жиынның күн тәртібіндегі үшінші мәселе бойынша да М.Әшірепиев сөзге шығып, ауданның тұрғын-үй коммуналдық шаруашылық, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімінің басшысы Ғ.Полатов қосымша баяндама жасады. Аудан әкімінің орынбасары С.Тұрсынқұлов жиынды қорытындылап, берілген ұсыныстар бойынша нақты шаралар көруге тапсырма берді.





(с) Мақтаарал ауданы әкімінің баспасөз қызметі