Среда, 10 сентября, 2025
19.6 C
Мырзакент
ҮйӘлеуметМақтааралда әлеуметтік осал топтарға арналған тұрғын үйлердің құрылысы қарқын алды

Мақтааралда әлеуметтік осал топтарға арналған тұрғын үйлердің құрылысы қарқын алды

Мақтаарал ауданы Жаңажол ауылдық округіне қарасты Фирдоуси елді мекенінде халықтың әлеуметтік осал топтарын қолдау бағытында ірі әлеуметтік жоба іске асырылуда.

Жоба аясында 1 қабатты, әрқайсысы 2 пәтерлі 48 тұрғын үйдің құрылыс-монтаж жұмыстары жоспарланған. Құрылыс жұмыстарын мердігер мекеме — “Building Group-1” жауапкершілігі шектеулі серіктестігі жүргізуде.

Аталған мақсатта мемлекет тарапынан 1,5 миллиард теңге көлемінде қаржы қаралған. Жеке кәсіпкердің есебінен салынып жатқан тұрғын үйлердің құрылысы аяқталған соң көрсетілген қаржыға барлық үйлер сатып алынатын болады.

Бүгін Мақтаарал ауданының әкімі Бақыт Асанов құрылыс алаңында болып, атқарылып жатқан жұмыстардың барысымен арнайы танысты. Аудан басшысы нысанның сапасына, құрылыс қарқынына және жұмысшылардың еңбек жағдайына ерекше назар аударды. Сонымен қатар, мердігер компания өкілдерімен пікірлесіп, туындаған мәселелерді дер кезінде шешу, жұмыс кестесінен кешікпеу қажеттігін қадап айтты.

«Бұл жоба – ауданымыздағы әлеуметтік әлжуаз топтарға қолдау көрсетудің нақты көрінісі. Елді мекендердің инфрақұрылымын дамыту арқылы тұрғындардың өмір сүру сапасын арттыру – біздің басты міндетіміз. Құрылыс жұмыстары сапалы әрі уақытылы аяқталуы тиіс», — деді, Бақыт Насырханұлы.

Айта кетейік, бұл үйлер бірінші кезекте көпбалалы отбасыларға, мүгедектігі бар азаматтарға, толық емес отбасыларға және тұрғын үйге мұқтаж өзге де санаттағы азаматтарға жалға берілетін болады. Осылайша, Фирдоуси елді мекенінде жаңа шағынаудан бой көтеріп, ауылдың әлеуеті арта түспек.

ҰҚСАС МАҚАЛАЛАР

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
мұнда сіздің атыңызды енгізіңіз

ЕҢ ТАНЫМАЛ