Сенбі, Қараша 23, 2024
8.5 C
Мырзакент
ҮйӘлеуметМақтааралда "А-15" республикалық автомобиль жолының бойында сенбілік өтті

Мақтааралда «А-15» республикалық автомобиль жолының бойында сенбілік өтті

«Таза Қазақстан» республикалық экологиялық акциясының «Киелі мекен» апталығы аясында және аудан әкімі Бақыт Асановтың бастамасымен республикалық А-15 автожолының бойына сенбілік жұмыстары жүргізілді.

А-15 автожолы – Мақтаарал, Жетісай аудандары тұрғындарының Шымкент қаласына қатынайтын бірден бір бағыты. Жүк көліктері, қоғамдық көліктер мен жеңіл көліктер көп жүретіндіктен, жол бойында әсіресе сусындар мен энергетик сусындардың бөтелкелері, темекенің қораптары сияқты ондаған жылдар бойы шірімейтін қалдықтар қаптап кеткен болатын.

Іс-шара барысында автожолдың Сырдария өзенінен ауданға кіреберіс аумағына дейінгі 10 шақырым жері тұрмыстық қатты қалдықтардан тазартылды.

Іс-шараға аудан әкімі аппараты бастаған ауданның дербес бөлімдері, кенттер мен ауылдық округтердің әкімдіктері, дербес бөлімдерге қарасты коммуналдық мемлекеттік мекемелердің қызметкерлері қатысты.

Сенбілікке 15 техника мен 800-ден астам адам қатысып, ондаған тонна күл-қоқыстар шығарылды.

ҰҚСАС МАҚАЛАЛАР

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
мұнда сіздің атыңызды енгізіңіз

ЕҢ ТАНЫМАЛ