Мақтаарал ауданында қазіргі таңда 5 мектепте күрделі жөндеу жұмыстары қарқынды жүргізілуде. Күні кеше аудан әкімінің орынбасары Бижан Анарбеков аталған нысандарды аралап, жұмыстардың сапасын арнайы тексеріп қайтты.
Мақтаарал ауданының Атакент кентінде орналасқан “Мақтаарал» мектеп-гимназиясында басталған күрделі жөндеу жұмыстарының қазіргі кезеңі бойынша шатыр жабу жұмыстары 25% орындалса, ішкі әрлеу жұмыстары 60%, электр жүйесі 75%, канализация жүйесі 65% аяқталған. Қазіргі таңда нысан басында 60 жұмысшы жұмыс істеуде екен.
Екінші нысан – Қ.Сәтбаев атындағы жалпы орта мектептің А және В блоктарының ішкі жұмыстарында айтарлықтай прогресс бар. Шатыр жабу мен фасад жұмыстары аяқталуға жақын, ал стадионның жөндеуі 50%-ға орындалды. Нысан басында 70 жұмысшы жұмыс істеуде.
Атакент қалашығында орналасқан тағы бір нысан – О.Бапышев атындағы жалпы орта мектебінде шатыр жабу жұмыстары 60%, ішкі әрлеу жұмыстары 40%, электр жүйесінің жүргізілуі 65%-ды құрайды. Демонтаж жұмыстары 85%-ға аяқталған. Қазіргі уақытта 60 жұмысшы мектептегі күрделі жөндеу жұмыстарына қатысуда.
Мырзакент кентіндегі «Мырзакент» мектеп-гимназиясында да күрделі жөндеу жұмыстары қарқынды жүріп жатыр. Қазірдің өзінде қыш қалау жұмыстары 90%, ішкі әрлеу жұмыстарының үш қабатының екеуінде жұмыстың жартысынан көбі орындалды. Электр жүйесінің жүргізілуі 85% аяқталды. 55 жұмысшы мектептің жөндеу жұмыстарында белсенді жұмыс істеуде.
Жаңа жол ауылдық округінде орналасқан «Жаңа жол» жалпы орта мектебінде қабырға қыру жұмыстарының 80%, терезе алу жұмыстары 100%, еден бұзу жұмыстарының 80%-ға орындалған. Ішкі әрлеу жұмыстарының 50% аяқталды. Бұл жұмыстардың барлығын 40 жұмысшы атқаруда.
Бижан Шералыұлы жоғарыда аталған нысандарда жөндеу жұмыстарының сапасын және уақытында орындалуын тексеріп, мердігер мекемелерге қажетті тапсырмалар берді. Әкім орынбасарының айтуынша, әрбір мектептің жаңартылуы мен жөнделуі ауданның білім сапасын арттырып, оқушылар үшін жайлы жағдай жасауға бағытталған.













