Вторник, 1 июля, 2025
32.9 C
Мырзакент
ҮйБасты жаңалықМАҚТААРАЛ АУДАНЫ ӘКІМІНІҢ ОРЫНБАСАРЫ ТАҒАЙЫНДАЛДЫ

МАҚТААРАЛ АУДАНЫ ӘКІМІНІҢ ОРЫНБАСАРЫ ТАҒАЙЫНДАЛДЫ

Қазақстан Республикасының “Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы” Заңының 33 және 37-баптарына, сондай-ақ “Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметі туралы” Заңының 29, 30 және 61-бабының 1-тармағының 1-1 тармақшасына сәйкес, Мақтаарал ауданының әкімі Бақыт Асановтың өкімімен Анарбеков Бижан Шералиевич Мақтаарал ауданы әкімінің орынбасары қызметіне тағайындалды.
 
Бүгін аудан активімен өткен кездесуде аудан әкімі жаңа орынбасарын ресми түрде таныстырып, оның алдағы жұмысына сәттілік тіледі. Сонымен қатар, жетекшілік ететін салалары бойынша нақты тапсырмалар беріп, тұрғындар мүддесі үшін тиімді әрі нәтижелі жұмыс жүргізуді жүктеді.
Бижан Шералиевич Анарбеков 1988 жылы Мақтаарал ауданында дүниеге келген. “Құрылыс”, “Құқықтану” және “Информатика” мамандықтары бойынша жоғары білім иесі.
 
Еңбек жолын дәл сол 2010 жылы Мақтаарал ауданының сәулет, қала құрылысы және құрылыс бөлімінде оператор болып бастаған. Қызметте сатылап өсіп, 2016 жылы осы бөлімнің жетекші маманы, ал 2018 жылдан бастап бас маманы лауазымдарын атқарды.
 
2020 жылдан бастап қазірге дейін осы бөлімнің басшысы ретінде ауданның сәулет және құрылыс саласын дамытуда ауқымды жұмыстар атқарды. Осы уақыт аралығында ол тұрғын үй, әлеуметтік нысандардың құрылысын, ауданның инфрақұрылым жүйесін жақсарту, сәулеттік келбетін қалыптастыру бағытында бірқатар маңызды жобаларды жүзеге асырды.
 
Ендігі кезекте Бижан Анарбеков аудан әкімінің орынбасары ретінде экономика және қаржы, құрылыс, сәулет, қала құрылысы, тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық, инфрақұрылым, жол-көлік, энергетика сияқты маңызды салаларға жетекшілік етеді деп күтілуде. Оның осы бағыттардағы тәжірибесі мен кәсіби біліктілігі аудан дамуына жаңа серпін береді деген сенім бар.
Б.Анарбеков – өзін жауапкершілігі мол, кәсіби және іскер маман ретінде көрсеткен мемлекеттік қызметші. Тәжірибесі мен білімінің арқасында ол алдағы қызметінде өңірдің әлеуметтік-экономикалық дамуына елеулі үлес қосады деп күтіледі.
 
(с) Мақтаарал ауданы әкімінің баспасөз қызметі
ҰҚСАС МАҚАЛАЛАР

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
мұнда сіздің атыңызды енгізіңіз

ЕҢ ТАНЫМАЛ