Пятница, 9 мая, 2025
27.5 C
Мырзакент
ҮйСЭСҚызылша ауруының алдын алу

Қызылша ауруының алдын алу

Қызылша – вакцинамен басқарылатын инфекциялар тобына жатады. Адамнан адамға жұғуы өте жоғары. Аурудың белгілері науқаспен байланыста болғаннан кейін суық тиюдің белгілеріне ұқсас симптомдармен біліне бастайды. Яғни, қызылшаға шалдыққан адамда алғашқы кезеңде дене қызуының көтерілуі, көздің қабынуы, жөтелдің пайда болуы, ауыз қуысының қабынуы, ауыздың шырышты қабығында дақты-папулалық бөртпелер шығады.

Бұдан соң 2-3 күн өткенде құлақта және мойында, бет пен денеде, аяқ-қолдарда бөртпелер пайда болады. Жалпы бұл инфекциямен ауырғаннан кейін ағзада тұрақты иммунитет қалыптасады.

Қызылша ауруының алдын алудың бірден бір жолы- қызылшаға қарсы екпе алу. Ұлттық екпе күнтізбесі бойынша қызылша, қызамық, паротит инфекцияларына қарсы екпе 1 жаста салынады және 6 жаста ревакцинация жүргізіледі.

Қызылшамен ауырған адаммен тығыз байланыста болған 30 (отыз) жасқа дейінгі егілмеген, егілгені туралы деректері жоқ немесе осы инфекцияға қарсы екінші профилактикалық егуі жоқ адамдарға, қызылшаға, қарсы шұғыл вакцинациялау жүргізіледі. Шұғыл вакцинациялау науқаспен соңғы байланыста болған сәттен бастап 72 (жетпіс екі) сағаттан кешіктірілмей жүргізіледі.

Сондай-ақ, бұл вирус сыртқы ортаға төзімді болмағандықтан ауру ошақтарында дезинфекция шаралары жүргізілмейді.

Аурудың алдын алу үшін:

-Қызылшаға қарсы қарсы екпе алу;

-Бөлмені жиі желдетіп, ылғалды тазалау жұмыстарын жасау;

-Халық көп шоғырланған орындарда маска киіп жүру көмектеседі;

-Қоғамдық орындарға баруды шектеу.

Түркістан облысының санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаменті басшысы Н.Нышанов

ҰҚСАС МАҚАЛАЛАР

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
мұнда сіздің атыңызды енгізіңіз

ЕҢ ТАНЫМАЛ