Среда, 12 марта, 2025
8.9 C
Мырзакент
ҮйӘлеуметҚұқықбұзушылық ең аз орын алған - Мақтаарал ауданы

Құқықбұзушылық ең аз орын алған — Мақтаарал ауданы

Мақтаарал аудандық полиция бөлімінің бастығы полиция подполковнигі Ердаулет Амантаевтың халық алдындағы есеп беру жиыны өтті.

Аудан әкімі Бақыт Асановтың төрағалығымен өткен жиынға мәслихат төрағасының м.у.а Қалмырза Бейсенбаев, прокурордың м.а Дәурен Романов, «Amanat» партиясы филиалының төрағасы Мұхтар Сәрсенов, әкім орынбасарлары, ардагерлер мен қоғамдық кеңестердің төрағалары, ауыл әкімдері, аудан тұрғындары мен полиция бөлімі бастығының орынбасарлары, салалық бөлімше басшылары және жеке құрам қызметкерлері қатысты.

Жиынның күн тәртібінде Мақтаарал аудандық полиция бөлімінің 2024 жылдың 12 айы бойынша жедел-қызметтік жұмысының қорытындылары және келешектегі басым міндеттері туралы болды.

Сөз барысында полиция подполковнигі Е.Амантаев өткен жылы атқарылған жедел-қызметтік жұмыстарының қорытындысы бойынша баяндама жасады. Ол өз сөзінде полиция бөлімінің қызметкерлері азаматтардың құқықтары мен бостандықтарын, заңды мүдделерін қорғау, құқықбұзушылықтардың алдын алуда және қоғамдық тәртіппен жол қауіпсіздігін қамтамасыз ету бағытында 2024 жылы бірқатар іс-шаралар атқарғандығын айтып өтті.

Атап айтқанда, жалпы тіркелген құқық бұзушылықтар саны – 222-ден 204-ке, ал қылмыстар саны – 198-ден 144-ке төмендегенін жеткізді. Бұл облысымыздағы ең төмен көрсеткіштердің бірі екендігін атап өткен полиция бастығы алдағы уақытта да аудан аумағында құқықбұзушылық пен қылмысқа қарсы күрес барысында жедел-қызмет жұмыстарының күшейтілген режимде жүргізілетініне уәде берді.

Кездесу барысында жиынға қатысушылар өз сауалдарын жолдап, қазіргі таңда көп белең алған мал ұрлығы мен алаяқтық, жол қозғалысындағы ережелерді сақтамау секілді қоғамдағы өзекті мәселелерді де көтерді. Аталған сұрақтарға жауап берген бөлім бастығы барлық қылмыстардың алдын алу бойынша профилактикалық жұмыстар өз деңгейінде атқарылып жатқанын және болашақта осы қарқынмен жүргізе беретінін жеткізді.

ҰҚСАС МАҚАЛАЛАР

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
мұнда сіздің атыңызды енгізіңіз

ЕҢ ТАНЫМАЛ