Жетісай ауданында Түркістан облысы санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаментінің басшысы Нұрбек Садықбекұлы Нышановтың төрағалығымен Жетісай, Мақтаарал аудандық СЭБ басқармаларының 2024 жылы атқарған жұмыстарын қорытындылау және 2025 жылға қойған міндеттері туралы жиын өтті.
Жиын барысында халықтың санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылығын жақсарту мақсатында жүргізілген іс-шаралар баяндалып, өзекті мәселелер талқыланып, 2025 жылға жоспарланған міндеттер туралы айтылды.
Сондай ақ, Жетісай, Мақтаарал аудандық СЭБ басқармалары басшыларына қызметті жақсарту бойынша тапсырмалар беріліп, жоспарланған міндеттерді белгіледі.
Аудан көлемінде инфекциялық, паразитарлық аурулардың, аса қауіпті жұқпалы аурулардың алдын-алу, тағамнан улаунуына жол бермеу, кез-келген тексерулерді заң аясында іске асыру бойынша бірқатар тапсырмалар берді.