Skip to content
Басты бет / Әлеумет / Иіржар ауылдық округінің әкімдігі ұжымымен әдеп мәселелері бойынша кездесу өтті

Иіржар ауылдық округінің әкімдігі ұжымымен әдеп мәселелері бойынша кездесу өтті

90

Мақтаарал ауданы әкімі аппаратының басшысы, Әдеп жөніндегі уәкіл Нұржан Атақұлов пен аудан әкімі аппаратының персоналды басқару қызметі бөлімінің басшысы Абай Қарабеков Иіржар ауылдық округі әкімі аппаратының ұжымымен арнайы кездесу өткізді.

Кездесудің негізгі мақсаты – мемлекеттік қызметшілер арасында Әдеп кодексінің талаптарын түсіндіру, қызметтік әдеп нормаларын сақтау, сондай-ақ мемлекеттік қызметтің беделін арттыру мәселелерін талқылау болды. Жиын барысында,  мемлекеттік қызметшілердің кәсіби мәдениеті, қызметтік тәртіп, азаматтармен қарым-қатынас жасаудағы жауапкершілік және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл бағыттары кеңінен сөз етілді.

Әдеп уәкілі Нұржан Атақұлов өз сөзінде мемлекеттік қызметшілердің қоғам алдындағы жауапкершілігі жоғары екенін атап өтіп, Әдеп кодексінің талаптарын қатаң сақтау – әрбір қызметкердің міндеті екенін жеткізді. Сонымен қатар, ол қызмет барысында туындайтын әдептік мәселелерді алдын алу, даулы жағдайларды заң аясында шешу жолдарына тоқталды.

Ал, персоналды басқару қызметі бөлімінің басшысы  Абай Қарабеков мемлекеттік қызметтегі кадр саясаты, қызметкерлердің кәсіби дамуы мен тәртіптік жауапкершілік мәселелеріне назар аударып, қызметтік этиканы сақтау мемлекеттік басқару жүйесінің тиімділігін арттыратынын айтты.

Кездесу барысында ұжым мүшелері өздерін толғандырған сұрақтарын қойып, нақты жауаптар алды.

Жиын соңында,  Иіржар ауылдық округі әкімі аппаратының ұжымын жеке мәсеслелерімен жеке қабылдап, түсіндіру жұмыстарын жүргізді. Аталмыш фарматта өткізілген жиындар ұжымның бірлігін нығайтып, қызметтік жауапкершілікті арттыруға оң әсер ететінін атап өтті.

Добавить комментарий

Для отправки комментария вам необходимо авторизоваться.