Мақтаарал ауданының ішкі саясат бөлімі мемлекеттік мекемесі, Қазақстан Республикасының 2005 жылғы 12 сәуірдегі №36 «Қазақстан Республикасындағы мемлекеттік әлеуметтік тапсырыс, стратегиялық әріптестікті іске асыруға арналған мемлекеттік тапсырыс, үкіметтік емес ұйымдарға арналған гранттар және сыйлықақылар туралы» Заңы және Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық даму министрінің 2018 жылғы 15 тамыздағы № 18«Мемлекеттік әлеуметтік тапсырысты қалыптастыру, оның іске асырылу мониторингі және нәтижелерін бағалау қағидаларын бекіту туралы» бұйрығының 1-қосымшасына сәйкес, 2026 жылға жоспарланған мемлекеттік әлеуметтік тапсырыстың тақырыптары туралы ақпаратты, жария талқылау үшін үкіметтік емес ұйымдар мен жеке азаматтардың назарына ұсынады.
Сонымен бірге, мемлекеттік әлеуметтік тапсырыстың тақырыптары бойынша ескертулер немесе ұсыныстар, 2025 жылғы 24 қыркүйекке дейін бөлімнің байланыс телефондары: 8-701-353-53-09,8-701-123-99-86 және электрондық пошта: maktaral-ovp@mail.ru арқылы қабылданатынын хабарлайды.

