Skip to content
Басты бет / Әлеумет / Елімізде заң үстемдігі салтанат құрсын!

Елімізде заң үстемдігі салтанат құрсын!

87

Құрметті Мақтаарал ауданының тұрғындары!

Қадірменді Прокуратура саласының қызметкерлері мен барша сыбайлас жемқорлықпен күресу іс-шараларына атсалысып жатқан азаматтар!

6 желтоқсан – Прокуратура органдары қызметкерлерінің күні және 9 желтоқсан – Халықаралық сыбайлас жемқорлықпен күрес күніне орай шын жүректен құттықтаймыз!

Бұл қос мереке – құқық үстемдігін қамтамасыз ету, әділдік пен заңдылықты сақтау жолында аянбай қызмет етіп жүрген азаматтардың еңбегіне деген құрметтің көрінісі.

Прокуратура қызметі – елдің ішкі тұрақтылығы мен қоғамның тыныштығын сақтаудағы аса жауапты сала. Заңдылықтың сақталуын қадағалау, құқық бұзушылықтың алдын алу, азаматтардың конституциялық құқықтарын қорғау – халық сенімін қажет ететін үлкен міндет.

Сонымен қатар, 9 желтоқсан – Халықаралық сыбайлас жемқорлықпен күрес күні қоғамдағы ашықтық пен адалдық мәдениетін қалыптастырудың маңызын еске салады. Сыбайлас жемқорлыққа қарсы тұру – мемлекет пен қоғамның ортақ міндеті. Бұл бағыттағы мемлекеттік органдар мен азаматтардың белсенділігі еліміздің дамуы мен тұрақтылығына тікелей әсер етеді.

Осы мерекелер қарсаңында прокуратура қызметкерлеріне, құқық қорғау саласы мамандарына және сыбайлас жемқорлықтың алдын алу бағытында еңбек етіп жүрген барша азаматтарға зор денсаулық, қажымас қайрат, абыройлы қызмет тілейміз. Сіздердің адал еңбектеріңіз бен ел ертеңі үшін атқарып жатқан қызметтеріңіз әрдайым бағалы.

Елімізде заң үстемдігі нығайып, әділдік салтанат құрсын!


Ізгі ниетпен,

Мақтаарал ауданының әкімі

Асанов Бақыт Насырханұлы

Добавить комментарий