Бейсенбі, Желтоқсан 12, 2024
-2.5 C
Мырзакент
ҮйӘлеуметДархан Сатыбалды Мақтааралдағы әлеуметтік нысандарды аралады

Дархан Сатыбалды Мақтааралдағы әлеуметтік нысандарды аралады

Түркістан облысының әкімі Дархан Сатыбалды жұмыс сапары барысында Мақтаарал ауылдық округі, Өркениет елді мекенінде «Ауыл – Ел бесігі» бағдарламасы аясында жақында ғана пайдалануға берілген спорт кешенінде болды. 2023 жылы құрылысы басталып, биыл тапсырылған нысанның конкурстық құны – 600 миллион теңге. Өңір басшысы спортшылармен, бапкерлермен кездесіп, пікір алмасты. Спорт саласына қолдау көрсету жалғасатынын жеткізді.

Спорт кешенінде үлкен спорт залы және спортшыларға арналған жаттығу залдары бар. Мұнда волейбол, баскетбол, футзал, гандбол, күрес, бокс, дзюдо және тағы басқа спорт түрлерімен айналысуға мүмкіндік қарастырылып, спорттық құрал-жабдықтармен толық қамтамасыз етілген. Одан бөлек, ғимарат аумағында жасанды көгалмен жабдықталған футбол алаңшасы, баскетбол, волейбол алаңшалары орналасқан.

Аудан әкімі Бақыт Асанов өңір басшысына бұған дейін Мырзакент кентінде Қажымұқан Мұңайтпасов атындағы орталық стадионның, «Мырзакент» спорт сарайының және 20-дан астам шағын спорт алаңдының құрылысы жүріп, пайдалануға берілгенін атап өтті.

Өңір басшысы Атакент кентіндегі «Нұрлы жер» бағдарламасы аясында аз қамтамасыз етілген көпбалалы отбасыларға салынып жатқан арендалық тұрғын үйлердің құрылыс барысымен танысты. Екі қабатты, 24 пәтерлі 4 тұрғын үй нысаны толық талапқа сәйкес салынып, жыл соңына дейін пайдалануға беріледі. Аудан бойынша дәл осындай 87 пәтердің құрылысы жүргізілуде. Жалпы «Нұрлы жер» бағдарламасы аясында бұған дейін көпбалалы аз қамтамасыз етілген отбасыларға 76 пәтер табысталған болатын. Ауданда әртүрлі санатта 2 мыңнан аса тұрғын үй кезегінде тұр.

ҰҚСАС МАҚАЛАЛАР

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
мұнда сіздің атыңызды енгізіңіз

ЕҢ ТАНЫМАЛ