2025 жылдың 20 маусым айында Мақтаарал ауданы әкімінің орынбасары Серік Алтынбекұлының қатысуында Мақтаарал ауданы білім бөлімінің басшысының м.у.а Комиссия төрағасының орынбасары Кошкаров Асанхан Аманқұлұлының төрағалығымен аудан әкімдігі жанындағы кәмелетке толмағандардың істері және олардың құқықтарын қорғау жөніндегі комиссияның кезекті отырысы өткізілді.
Комиссия отырысына, қатысқандар: Комиссия мүшелері, кенттер мен ауылдық округі әкімдері, Түркістан облысының «Қоғамдық келісім» КММ-нің Мақтаарал аудандық филиалының өкілі, «Жастар ресурстық орталығы» КММ-ң өкілдері, білім саласының өкілдері және өзге де мүдделі ұйымдар.
Күн тәртібінде: кәмелетке толмағандардың жазғы демалысын ұйымдастыру және жазғы демалысында қауіпсіздіктің алдын алу профилактикасы (суға шомылу, электр сымына, еңбек қауіпсіздігі т.б) туралы мәселесі қаралды.
Мақтаарал ауданының төтенше жағдайлар бөлімінің басшысының м.у.а Б.Бахарамның, 2024 жылы кәмелетке толмағандар арасындағы суға шомылу, қараусыз қалу, бақылаусыз әрекеттер нәтижесінде орын алған жазатайым жағдайлардың себептері және 2025 жылдың 5 айынының қорытындысы туралы баяндамасы тыңдалып оларды болдырмау жолдары егжей-тегжейлі талқыланды.
Одан соң кәмелетке толмағандарды жазғы лагерлермен қамтамасыз етілуі және балалардың демалыс орындарындағы қауіпсіздігін қамтамасыз ету бағытындағы атқарылып отырған жұмыстар туралы Мақтаарал ауданының білім бөлімінің әдіскері С.Сулейменованың баяндамасы тыңдалды.
Жиын соңында отырыста қаралған мәселелерге орай комиссия мүшелері және жиынға қатысушылар ұсыныс-пікірлерін ортаға салды. Сонымен қатар, комиссия төрағасының орынбасары Асанхан Аманқұлұлы және Мақтаарал ауданы әкімінің орынбасары Серік Алтынбекұлының кәмелетке толмаған жасөспірімдердермен жаз мезгілінде суға шомылу салдарынан орын алатын жазатайым оқиғалардың алдын алу мақсатында жалпы профилактикалық шараларды күшейтуді, ата-аналар (немесе заңды өкілдері) тарапынан баланың өміріне деген бақылау деңгейін күшейту, олардың құқықтарының қорғалуына жауапты мекемелерге нақты тапсырмалар берді.


