Skip to content
Басты бет / А.Қалыбеков а/о / Аудан басшысы құрылысы аяқталуға жақын қалған Үлгілі ауылының мәдениет үйінде болды

Аудан басшысы құрылысы аяқталуға жақын қалған Үлгілі ауылының мәдениет үйінде болды

115

Мақтаарал ауданында «Ауыл – ел бесігі» бағдарламасы аясында жүзеге асып жатқан инфрақұрылымдық жобалар қарқынды түрде жалғасуда. Соның бірі – А.Қалыбеков ауылдық округіне қарасты Үлгілі ауылындағы мәдениет үйі күрделі жөндеуден өтіп, жақын арада пайдалануға берілгелі тұр.

Өткен аптаның соңында аудан әкімі Бақыт Асанов нысанға арнайы барып, құрылыс сапасын көзбен көріп, жауапты мердігерлермен кездесті.

Үлгілі ауылындағы мәдениет үйі – ұзақ жылдар бойы ауыл жұртшылығының бас қосатын негізгі орны. Мұнда түрлі мәдени іс-шаралар, үйірмелер, жастардың басқосулары өткізіліп келгенімен, ғимараттың техникалық жағдайы соңғы жылдары тозып, жөндеуді қажет етіп жүрген еді.

Бүгінде «Ауыл – ел бесігі» мемлекеттік бағдарламасының шеңберінде бөлінген қаражаттың арқасында мәдениет үйі толық жөндеуден өтті. Құрылыс жұмыстарының аясында ғимараттың қасбеті жаңартылып, шатыр мен есік-терезелер ауыстырылды. Ішкі әрлеу жұмыстары жүргізіліп, жылыту және электр жүйелері толық жаңғыртылды. Сахна мен көрермен залы заманауи талаптарға сәйкестендірілді. Сондай-ақ, мәдениет үйінің аумағында футбол алаңшасы да салынды.

Сапар барысында Бақыт Асанов мердігер компания өкілдерімен сөйлесіп, атқарылған жұмыстардың сапасын назарға алып, нысанды жыл соңына дейін сапалы аяқтауды тапсырды.

Айта кетейік, мәдениет үйі пайдалануға берілген соң мұнда балалар мен жастарға арналған үйірмелер, театрлық және музыкалық қойылымдар, ауылдық мерекелік іс-шаралар, қоғамдық жиындар жаңа деңгейде өтетін болады.

Добавить комментарий

Для отправки комментария вам необходимо авторизоваться.