Skip to content
Басты бет / АЙМАҚ / Аудан басшысы атакенттіктермен кездесу өткізді

Аудан басшысы атакенттіктермен кездесу өткізді

31

Қазақстан Республикасы Президентінің «Әкімдердің халықпен кездесулерін өткізу туралы» Жарлығына сәйкес, қоғамды демократияландыруды ілгерілету, жүргізіліп жатқан реформалар туралы тұрғындарды кеңінен ақпараттандыру, сондай-ақ жергілікті атқарушы органдардың ашықтығы мен есептілігін арттыру мақсатындағы жұмыстар жүйелі түрде жалғасуда.

Осыған орай, Мақтаарал ауданының әкімі Бақыт Асанов аудан тұрғындарымен жоспарлы кездесулер өткізуде. Кезекті көшпелі кездесу Атакент кентінде ұйымдастырылып, оған аудан активі мен жергілікті тұрғындар қатысты.

Кездесу барысында аудан әкімі 2025 жылы атқарылған жұмыстарға жан-жақты тоқталып, 2026 жылға жоспарланған негізгі жобалар мен міндеттерді таныстырды. Сонымен қатар, Атакент кентінде жүзеге асырылған инфрақұрылымдық және әлеуметтік жобаларға ерекше назар аударылды.

Атап айтқанда, өткен жылы жоба құны 1 млрд теңгеден асатын «Атакент — Өркениет елді мекендерінің ауыз су жүйелерін қайта құру» жобасы аясында кенттің орталық бөлігіне жаңа ауыз су жүйелерін жүргізу жұмыстары басталып, қазіргі таңда жұмыстардың басым бөлігі орындалды. Жоба ағымдағы жылдың соңына дейін толық аяқталатын болады. Сонымен қатар, Ташкент көшесі бойындағы 1380 метр ағын су лотоктарын қайта құру жұмыстары жүргізіліп, жаңа лотоктар орнатылды. ПУИД – 2 жобасы аясында кенттің орталығында орналасқан Желтоқсан көшесі бойындағы К-20-50 ағын су арығына да қайта құру жұмыстары жүргізілді.

Кездесу соңында ашық микрофон ұйымдастырылып, тұрғындар өздерін толғандырған мәселелерді тікелей аудан әкіміне жеткізді. Атакенттіктер негізінен канализация жүйелерін жаңарту, көшелерді жөндеу, аяқ жол салу, балалар ойын алаңшаларын салу және кентті абаттандыру, көркейту мәселелерін көтерді.

Барлық сұрақтар мен ұсыныстар назарға алынып, аудан әкімі тарапынан нақты жауаптар берілді. Сондай-ақ, жеке мәселелер бойынша азаматтарды жеке қабылдау ұйымдастырылды.

Айта кетейік, Мақтаарал ауданында халықпен ашық диалог орнату және тұрғындардың өзекті мәселелерін шешу бағытындағы жұмыстар алдағы уақытта да жалғасын табады.

Добавить комментарий

Для отправки комментария вам необходимо авторизоваться.