Вторник, 14 октября, 2025
26.8 C
Мырзакент
ҮйАЙМАҚАудан әкімінің орынбасары Республика күні қарсаңында пайдалануға берілетін құрылыс нысандарына зерделеу жүргізді

Аудан әкімінің орынбасары Республика күні қарсаңында пайдалануға берілетін құрылыс нысандарына зерделеу жүргізді

Мақтаарал ауданы әкімінің орынбасары Бижан Анарбеков Республика күні қарсаңында пайдалануға берілетін құрылыс нысандарына зерделеу жұмыстарын жүргізді.

Ең алдымен ол Мырзакент кентінде орналасқан орталық саябаққа барды. Нысан аумағын аралап көріп, мердігер мекемеге құрылыс жұмыстарын белгіленген мерзімде аяқтауды тапсырды. Сонымен қатар, кейбір кемшіліктерді түзету бойынша ескертулер берді.

Жобаға сәйкес, жаңа саябақ заманауи талаптарға сай абаттандырылып жатыр. Мұнда балаларға арналған ойын алаңшалары, әртүрлі атракциондар, ашық аспан астындағы концерт және мәдени іс-шаралар өткізетін алаң, сәндік субұрқақтар мен жасанды көлшіктер, демалыс орындықтары мен көлікке арналған автотұрақ және көгалдандырылған аймақтар қарастырылған. Бұл нысан тек демалыс орны ғана емес, сонымен қатар жастардың бос уақытын тиімді өткізуіне арналған мәдени орта болмақ.

Мұнан соң Бижан Шералыұлы Ж.Нұрлыбаев ауылдық округі Ынталы ауылындағы құрылысы аяқталған мәдениет үйі мен кітапхана нысанын қарап шықты.

«Ауыл – ел бесігі» бағдарламасы аясында салынған мәдениет үйі мен кітапхана құрылысына бөлінген жалпы қаржы көлемі – 794,0 млн теңге. Нысанда мәдениет залы мен кітапханасынан бөлек, спорт залы да бар. Одан бөлек, көрме залдары, үйірмелер мен мәдени іс-шараларға арналған алаңдар болады.

Бижан Анарбеков Атакент кентінде бой көтеріп жатқан 1500 орындық “Жайлы мектептің” құрылыс алаңында да болып, атқарылып жатқан жұмыстардың барысымен танысты.

Қазіргі таңда білім ордасының құрылысында соңғы кезеңдік жұмыстар жүргізілуде. Атап айтқанда, нысанның сыртқы абаттандыру жұмыстары қыза түсіп, мектеп ішін құрал-жабдықтармен және жиһаздармен қамтамасыз ету жұмыстары жүргізілуде.

Аудан әкімінің орынбасары құрылыс барысын өз көзімен көріп, сапасын жіті қадағалады. Ол мектеп ғимаратының ішкі-сыртқы әрлеу жұмыстарын мұқият қарап шығып, кейбір кемшіліктер бойынша мердігер басшыларына ескертулер жасады. Мерекеге дейін нысан 100% дайын болу керектігін ескертті.

Айта кетейік, бұл нысандардың барлығы да 25 қазан – Республика күні қарсаңында пайдалануға беру жоспарлануда.

ҰҚСАС МАҚАЛАЛАР

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
мұнда сіздің атыңызды енгізіңіз

ЕҢ ТАНЫМАЛ