Бейсенбі, Қараша 21, 2024
12 C
Мырзакент
ҮйЖАҢАЛЫҚТАРАудан әкімінің ішкі саясат бөліміне жаңа басшы тағайындалды

Аудан әкімінің ішкі саясат бөліміне жаңа басшы тағайындалды

Мақтаарал ауданының әкімі Бақыт Асановтың өкімімен ауданның ішкі саясат бөлімінің басшысы мемлекеттік әкімшілік лауазымына Бабашев Мадияр Асанұлы тағайындалды.

Бүгін аудан әкімі жаңа басшыны ауданның активіне таныстырып, алдағы жұмыстарына сәттілік тіледі.

М.Бабашев 1976 жылы бұрынғы Оңтүстік Қазақстан облысы Мақтаарал ауданында туылған.

«Сырдария» университетін «Математика» мамандығы бойынша, М.Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан мемлекеттік университетін «Мемлекеттік және жергілікті басқару» мамандығы бойынша тәмамдаған.

Еңбек жолын 2005 жылы Сарыағаш ауданындағы С.Сейфуллин атындағы шағын жинақты орта мектебінде мұғалім болып бастап, 2007 жылы Мақтаарал ауданындағы Ә.Қастеев атындағы жалпы орта мектебінде еңбек жолын жалғастырған.

2012 жылы Мақтаарал ауданы білім бөлімінің әдістемелік кабинетінің әдіскері, 2017 жылы Мақтаарал ауданы білім бөлімінің бас маманы болып жұмыс істеді. 

2019 жылдан бастап қазіргі қызметіне тағайындалғанға дейін Мақтаарал ауданы әкімі аппаратының бас инспекторы қызметінде белсенді еңбек етті.

ҰҚСАС МАҚАЛАЛАР

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
мұнда сіздің атыңызды енгізіңіз

ЕҢ ТАНЫМАЛ