Бейсенбі, Қараша 21, 2024
11.4 C
Мырзакент
ҮйАЙМАҚАлғабас ауылында жастарға арналған шағын стадион ел игілігіне берілді

Алғабас ауылында жастарға арналған шағын стадион ел игілігіне берілді

Мақтаарал ауданы Бірлік ауылдық округіне қарасты Алғабас ауылында шағын стадион ел игілігіне берілді.

Спорт нысанының ашылуына ауданның тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық, жолаушылар көлігі, автомобиль жолдары және тұрғын үй инспекциясы бөлімінің басшысы Ғабит Полатов, ауданның мәдениет, тілдерді дамыту, дене шықынықтыру және спорт бөлімінің басшысы Жандарбек Тәтеев, округтің әкімі Сәкен Кенжеев және ардагерлер, мәслихат депутаттары, ауыл белсенділері мен тұрғындары қатысты.

«Спорт – мемлекетіміздің мерейін асырып, мәртебесін арттыратын маңызды сала. Спортшыларымыздың жетістігі арқылы еліміздің, өңіріміздің, тіпті ауылымыздың абыройы асқақтап, беделі еселенеді. Елдің үміті мен тілегін арқалап, сенім үдесінен шыға білетін, ел мен жер абыройын қорғай білетін білекті де жүректі спортшыларымыздың қатары көбейіп, аудан спортының жетістіктері мен табыстары арта берсін!» – деді, Ғ.Полатов.

Іс-шарада аудан ардагерлері де ауыл тұрғындарын жаңа нысанның ашылуымен құттықтап, спорт алаңшасының ашылуы аясында өтіп жатқан футбол жарысына қатысушыларға сәттілік тіледі.

Айта кетейік, спорт алаңшасын салуға 19 миллион теңге көлемінде қаржы жұмсалып, мердігер «Строй Монтаж» ЖШС құрылыс жұмыстарын жүргізді.

ҰҚСАС МАҚАЛАЛАР

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
мұнда сіздің атыңызды енгізіңіз

ЕҢ ТАНЫМАЛ