«Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаевтың жолдауындағы су ресурстарын басқару жүйесін дамытудың 2024-2030 жылдарға арналаған тұжырымдасына сәйкес», Мақтаарал ауданы бойынша 2024 жылы 2,0 мың гектар алқапқа су үнемдеу технологиясын (тамшылатып суғару) енгізу тапсырмасы берілген болатын.
Биыл ауданымызда 340 гектар қырыққабат, 441 гектар бақша және 500 гектар мақта алқабына тамышлатып суғару технологиясы енгізілді.
Айта кетейік, ауданымызда жаңадан қытай технолгиясын пайдалана отырып жүйек арасы 60-70 см болатын 500 гектар алқапқа мақта дықылына тамшылатып суғару технологиясы ендірілді. «Хамро Ата» шаруа қожалығының егістік алқабында атқарылып жатқан жаңа технологиялармен кеңінен таныстыру мақсатында ауданның шаруа қожалықтарының қатысуымен семинар-кеңес өтті.
Іс-шараның басты мақсаты – барынша ағын суды үнемдеп, мол өнімге қол жеткізуді шаураларға кеңінен түсіндіру болатын. Сонымен қатар, тамшылатып суғару технологиясын енгізген шаураларға мемлекет тарапынан кеткен шығынның 80%-ы субсидияланатыны, ол қажетті құжаттар туралы аудандық кәсіпкерлік және ауыл шаруашылығы бөлімінің мамандары тарапынан шаруаларға түсіндіру жұмыстары жүргізілді.
Шаруаларға тиімді жақтарын қарастыру мақсатында семинар кеңеске Қытай мемлекетінен келген компаниядан бөлек, отандық өндіруші болып саналатын «BNK group» ЖШС мамандары тарапынан қажетті құрылғыларды сатып алу бойынша ткеңестер берілді.