Адам папиллома вирусы (АПВ) — бұл тері мен шырышты қабаттарды зақымдайтын, қатерсіз және қатерлі ісіктердің пайда болуына әкелуі мүмкін вирустар тобы. Бұл вирус адамның терісін, шырышты қабаттарын зақымдайды және негізінен жыныстық жолмен беріледі. АПВ вирусының 100-ден астам түрі бар, олардың кейбірі қатерлі ісіктердің пайда болуына себеп болуы мүмкін. АПВ инфекциясының ұзақ уақыт бойы клиникалық белгілері байқалмай өтуі мүмкін, алайда ол түрлі аурулардың, соның ішінде жатыр мойны обырының, қатерлі ісіктердің және жыныс органдарының басқа ауруларының пайда болуына ықпал етеді.
Осы себепті адам папиллома вирусына қарсы екпелер маңызды болып табылады. АПВ-ның берілу жолдарына тоқтала кететін болсақ олар: қол алысу, сүйісу, терінің зақымдануы арқылы, вирус ылғалды ортада тез таралады, сондықтан қоғамдық орындарға – саунаға, моншаға, спортзалға, дәретханаға, бассейнге барған кезде мұқият болу керек, жаңа туған нәрестеге анасының босану каналы арқылы өту кезі болып табылады. Сүйелдер көбінесе нәрестелерде өмірдің алғашқы жылдарында аузында немесе терісінде пайда болады.
АПВ-ның жоғары қауіпті 16,18 типтері жатыр мойны обырын тудырады, ауруды тек вакциналау арқылы алдын алуға болады.
Әлемдік деңгейде АПВ-ға қарсы вакцина өзінің қауіпсіздігі мен тиімділігін дәлелдеді. Адам папилломасы вирусына қарсы вакцина 15 жылдан астам уақыт бойы қолданылып келеді және Өзбекстан, Қырғызстан, Түркіменстанды қоса алғанда әлемнің 135 елінде қолданылады.
Жасөспірім қыздардың арасында АПВ-ға қарсы вакциналаудың арқасында әйелдердің арасында АПВ-ның таралуы 90%-ға төмендеді. АПВ-ға қарсы вакциналаудың арқасында жатыр мойны обырын жоюға болады.
Адам папилломасы вирусына қарсы вакцина әйелдердің репродуктивтік функциясына әсер етпейді және бедеулікті тудырмайды, бұл әлемнің дамыған елдердегі көптеген жылдар бойы жүргізілген клиникалық зерттеулерден дәлелденді.
2024 ж. 11 жасқа толған Облыс 23 000 ға жуық қыз балаға егу жоспарланған. БМСД-нің №11 қаулысына сәйкес АПВ-ға қарсы вакцинациялау 2024 жылдың 3 тоқсаны, қыркүйек айынан бастап жүргізілген болатын (вакцинациялау курсы 2 рет, 6 айлық интервалмен). ҚР Ұлттық егу күнтізбесіне енгізілді. Вакцина тегін негізде білім беру ұйымдарының егу кабинеттері арқылы қолжетімді болады. Сондай-ақ, ата-аналардың өтініші бойынша вакцинацияны тіркелген жері бойынша емханалардан алуға болады. Вакцинация қарсы көрсетілімдер болмаған жағдайда дәрігердің қарап тексеруінен кейін жүргізіледі.
Бүгінгі күндегі жағдай бойынша АПВ на қарсы жоспарланған 23042 қыздардың 97,9% бірінші дозасымен екпе алды. Екіншілік дозасымен 1513 қыз екпе алған. Екпеден кейінгі асқыну жағдайлары тіркелмеді.
Екпе егудегі мақсат-адам папилломасы вирусымен байланысты өзге де қатерлі ісіктердің жиілігін төмендету. Екпенің денсаулыққа ешқандай кері әсері жоқ, қауіпсіз. Ең тиімді қорғану әдісі-вакцинация. Вакцинамен қорғануға болатын-жалғыз қатерлі ісік түрі-бұл жатыр мойны обыры.
Түркістан облысының санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаменті басшысы Н.Нышанов