Тағамға биологиялық белсенді қоспалар денсаулықты нығайту және аурулардың алдын алу үшін қолданылады, бірақ олар дәрі емес және емдік қасиеттері жоқ. Интернет көздерінде және бұқаралық ақпарат құралдарында биологиялық белсенді қоспалардың жарнамасы қазіргі таңда жиі кездеседі, бірақ егер қаптамасында дұрыс емес немесе толық емес ақпарат болса, ол адамдарды жаңылыстыруы мүмкін.
Мұндай қоспаларды жарнамалауға қойылатын талаптар 27.06.2024 ж. № ҚР ДСМ-36 «Тағамға биологиялық белсенді қоспаларды жарнамалауды жүзеге асыру қағидаларын бекіту туралы» бұйрығымен реттеледі.
Осы заңның 3 тармағына сәйкес тағамға биологиялық белсенді қоспаларды жарнамалау мынадай талаптарға сәйкес жүзеге асырылады:
1) Қазақстан Республикасының аумағындағы жарнама (мерзімді баспасөз басылымдарын, интернет-ресурстарды, ақпараттық агенттіктерді қоспағанда) қазақ тілінде, ал жарнама берушінің қалауы бойынша орыс және (немесе) басқа да тілдерде таратылады;
2) мәтіндік жарнама оңай оқылады, анық және түсінікті қаріппен басып шығарылады; аудио жарнама түсінікті және анық аудио сүйемелдеумен бірге орналастырылады; бейне жарнама түсінікті және анық дыбыстық және бейне сүйемелдеумен бірге орналастырылады;
3) сенімді және танылатын болуы;
4) тұтынушылардың сенімін теріс пайдалану арқылы, оның ішінде сипаттамаларына, құрамына, тұтынушылық қасиеттеріне, құнына (бағасына), қолданудың болжамды нәтижелеріне, зерттеу және сынақ нәтижелеріне қатысты оларды жаңылыстырмауы;
5) өнімнің (тауардың) сауда атауын және өндірушінің атауын қамтуы;
6) егер ол өнімнің (тауардың) атауынан туындамаса, өнімнің (тауардың) тағайындалуы;
7) егер өндіруші көрсеткен болса, арналып жасалған адамдардың санаты туралы мәліметтерді қамтуы тиіс;
негізгі көрсетілімдермен, қолдануға қарсы көрсетілімдермен және жанама әсерлермен (олар болған кезде) танысу қажеттігі туралы нұсқау;
9) Қазақстан Республикасында және (немесе) Еуразиялық экономикалық одаққа мүше мемлекеттерде мемлекеттік тіркеудің болуы туралы ақпаратты қамтиды;
10) жарнамаланатын өнімді (тауарды) өндіруге және (немесе) өткізуге Қазақстан Республикасының заңнамасымен рұқсат етіледі;
11) ББҚ жарнамасы сондай-ақ:
• құрамына кіретін белсенді компоненттер туралы мәліметтерді;
• қолдану тәсілі мен дозаларды;
• негізгі жанама әсерлерді (бар болған жағдайда);
• негізгі қарсы көрсетілімдерді (бар болған жағдайда);
• балаларға, жүкті әйелдерге, сондай-ақ бала емізу кезеңіне қатысты ерекше нұсқауларды (бар болған жағдайда);
• сату шарттарын;
• қолдануға көрнекі және түсінікті ұсынымдарды;
• өндірушісінің және өндіруші Қазақстан Республикасында шағымдарды қабылдауға уәкілеттік берген тұлғаның атауын, мекенжайын;
• жарнамалау объектісінің дәрілік зат болып табылмайтындығы туралы ескертуді;
Бұдан басқа, «Тамақ өнімдерінің қауіпсіздігі туралы» 021/2011 техникалық регламентінің талаптарына сәйкес биологиялық белсенді қоспалар мемлекеттік тіркеуге жатады. Мемлекеттік тіркеу туралы куәліктің нөмірі, берілген күні көрсетіледі, ол өнім техникалық регламенттердің талаптарына сәйкес келетінін, биологиялық белсенді қоспа болып табылатынын және қажетті қасиеттерге ие екенін көрсетеді. Бұл туралы мәліметтер Еуразиялық экономикалық комиссияның ресми парақшасында https://nsi.eaeunion.org/portal мемлекеттік тіркеу туралы куәліктердің бірыңғай тізілімінен көре аласыздар.
Түркістан облысының санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаментінің басшы орынбасары А.Еркінбекова