Қазақстан Республикасының президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың халыққа Жолдауындағы берілген тапсырмаға сәйкес, ағын суды үнемді пайдалану мақсатында 2030 жылға дейін суғармалы егістік алқаптарында тамшылатып суғару технологиясын кеңінен қолдану керектігі айтылған болатын.
2024 жылы Мақтаарал ауданы бойынша жалпы 2,0 мың гектар алқапқа тамшылатып суғару технологиясын енгізу жосапрланған болса, бүгінгі таңда 1,5 мың гектарға су үнемдеу технологиясы енгізілді (оның ішінде: 500 гектар мақта, 1000 гектар бақша, көкніс дақылдары).
2025 жылы тамышалтып суғару технологиясы енгізілетін алқапты көбейту мақсатында жаңа технологияны пайдалана отырып, өнімін еккен «Хамро ата» ауы шаруашылығы өндірістік кооперативінде аудандық көлемде семинар-кеңес өткізілді.
«Хамро ата» АШӨК ағымдағы жылы 310 гектар алқапқа мақта дақылын тамшылатып суғару технологиясы арқылы егіп, бүгінде өнімін жинауға кіріскен.
Жалпы өнімділік 1 гектарға 58-60 центнерді құрап отыр (ауданның орташа өнімділігі 26,2 центенрді құрауда). Ағын су көлемі біршама үнемделіп, өнімділіктің көлемі 2-2,5 есеге артты. Сонымен қатар, тамшылатып суғару технологиясын енгізген шаруаларға мемлекет тарапынан кеткен шығынның 80%-ы субсидия ретінде өтелетін болады.
Айта кетейік, тамшылатып суғару – ең алдымен судың ысырабы азайтып, екіншіден, өнім көлемі арттыратын суғарудың үнемді әдісі.
Тамшылатып суғару өнеркәсіптік көлемде алқашқы рет Израильде өткен ғасырдың ортасында зерттеліп, өндіріске енгізілген. Қазіргі кезде бұл әдісті бүкіл дүниежүзі мемлекеттері озық технология ретінде қолданады.
Тамшылатып суғару, тәжірибе көрсеткендей, бау-бақша, жүзім, гүл, газондық шөптер және көкөніс дақылдарын егуде өте тиімді. Бұл әдіспен егіліп алынған өнім бұрынғы әдіспен егілген өнімнен 7-8 есе, ал кей жағдайларға 10 есеге дейін артық өнім береді. Су көздері тапшы немесе жоқ жерлерде оның маңызы орасан зор және таптырмайтын әдіс.
Бұл әдісті қолданып суғарғанда қатар аралықтарының арасы ылғалданбағандықтан арам шөп шықпайды. Су көздері ретінде скважина, суғару трубалары, шағын арықшалар, каналдар (каналдың толып ағуы міндетті емес), колонкалар және әртүрлі су жиналатын ыдыстар (бөшке, цистерна т.б.) пайдаланылады. Бұл әдісті пайдалану аяқ судың келуін күтпей-ақ ерте көшетпен егілетіндіктен өнімнің өте ерте пісуіне әкеледі. Ол жабық (жылыжай) және ашық жерлерде бірдей пайдалануға мүмкіндік береді. Тыңайтқыш суда ерітіліп өсімдіктің тікелей тамырына беріледі.
Қазіргі кезде дүние жүзінде тамшылатып суғару екі түрлі жағдайда жүргізіледі. Біріншісі, шлангалы түтіктер (израильдік) арқылы болса, екіншісі, ленталы түтіктер (америкалық) арқылы. Бұлардың айырмашылығы олардың салмағында: израильдік шлангілі трубкаларға қарағанда ленталы трубкалар әлдеқайда жеңіл (1000 есеге дейін) және сатып алу бағалары өте арзан. Бұл ленталы трубкалармен суғару әдістерін пайдалану қазіргі кезде негізінен арнаулы техникамен үлкен алқаптарда егу процесімен бір мезгілде іске асырылады.
Тамшылатып суғару әдісін аз көлемді жерлерде (есік алды, саяжай және аз көлемді жері бар фермаларда) пайдалануға болады. Аз көлемді және алқапты жерлерде де ленталы трубкалармен тамшылатып суғарып егу тиімді. Күзде егіс мерзімі аяқталысымен құрылғылар оңай жиналып, кез келген жабық ғимараттарда сақталады. Көктемде оларды қайтадан пайдалануға болады.
Жалпы, бұл әдісті пайдалану өнімнің өзіндік құнын 10 есеге дейін арзандатуға қол жеткізеді.