Бейсенбі, Желтоқсан 12, 2024
-2.5 C
Мырзакент
ҮйБасты жаңалық6 желтоқсан - Прокуратура қызметкерлерінің күні

6 желтоқсан – Прокуратура қызметкерлерінің күні

Құрметті прокуратура органдарының қызметкерлері мен ардагерлері!

Сіздерді кәсіби мерекелеріңіз – Прокуратура күнімен шын жүректен құттықтаймын!

Халқымызда: «Тәртіпке бағынған құл болмайды, тәртіпсіз ел болмайды», – деген даналық бар. Егемен еліміздегі тұрақтылық пен тәртіпті сақтап, азаматтардың құқығын қорғаудағы еңбектеріңіз орасан зор.

Тәуелсіздік жылдарында мемлекет басшысы міндеттеген дамудың даңғыл жолында прокуратура саласының қызметкерлері заңдылық пен құқықтық тәртіпті қамтамасыз етуде мемлекеттің сенімді тірегіне айналды.

Елдігіміздің 33 жылында прокурорлардың күш-жігері қоғамдағы әлеуметтік-саяси тұрақтылықты сақтаудың, азаматтардың еңбек және экономикалық құқықтарын қорғаудың ең маңызды бағыттарына басымдық берді. Нәтижесінде тұрғындардың сала білгірлеріне деген сенімі артып, халық әділдікті Сіздердің адал қызметтеріңіз арқылы тапты.

Бүгінде прокуратура қызметкерлері өз кәсіби шеберліктерін дәлелдеп, кәсіптеріне адалдық таныта отырып, қадағалау органдарының қызметіне өз үлестерін қосып келеді.

Осынау мерейлі сәтті пайдалана отырып, барша прокуратура қызметкерлеріне зор денсаулық, отбасыларына амандық, мемлекет игілігі үшін атқарып жатқан жұмыстарына сәттілік тілеймін!

Ізгі ниетпен,

Мақтаарал ауданының әкімі

Асанов Бақыт Насырханұлы

ҰҚСАС МАҚАЛАЛАР

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
мұнда сіздің атыңызды енгізіңіз

ЕҢ ТАНЫМАЛ