Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы 2011 жылдан бастап 28-шілде күнін «Гепатитке қарсы күрес күні” ретінде белгілеген. Содан бері осы қауіпті инфекцияның таралуы, алдын алу және емдеу мәселелеріне арналған іс-шаралар жыл сайын жоғары деңгейде ұйымдастырылады.
Түркістан облысында да санитариялық-эпидемиологиялық бақылау басқармалары тарапынан вирусты гепатиттердің алдын алу бойынша халық арасында ақпараттандыру, түсіндіру жұмыстары белсенді жүргізіліп отырады.
Вирустық гепатит жалпы клиникалық белгілері бойынша жіті және созылмалы болып бөлінеді. Созылмалы вирусты гепатит дегеніміз 6 айдан және одан да көп уақытқа созылатын бауырдың қабынуы. Жіті вирусты гепатитті уақытында емдемесе, созылмалы гепатитке айналады. Жалпы гепатиттің А, В, С, Д, Е деген 5 түрі болады. Олардың әрқайсысының өз ерекшеліктері бар, белгілері де әртүрлі. А және Е вирусты гепатиті ішек инфекцияларынан Е гепатиті қауіпті саналса, парентеральды В, С, Д гепатиттері ауыр асқынуларға жалғасу қауіптілігімен ерекшеленеді.
Гепатиттің А және E типтері эпидемиялық таралуға, ал В, С, D вирустық гепатит аурудың өршуіне әкелетін әлеуетіне байланысты үлкен проблема болып табылады. А және Е түрлері ластанған суды немесе тағамдарды қолданудан, тұрмыстық жағдай қатынастарында пайда болады. В, С және D гепатиті ағзаны жұқтырғыш сұйықтықтарымен парентеральды байланыс нәтижесінде дамиды. В, С гепатиттік вирустардың кең таралған жұқтыру жолдарына вирусы бар қанды құю, ластанған жабдықты қолданып инвазивті медициналық процедуралар және В гепатитіне қатысты босану кезінде анадан балаға, отбасы мүшесінен балаға, сондай-ақ жыныстық қатынас арқылы жұғулар жатады. Сондай-ақ вирус тасымалдаушымен тығыз байланыста болу негізгі жұқтыру жолдарының бірі болып табылады.
А вирустық гепатитті жұқтырудың жасырын (инкубациялық) кезеңі 7-50 күн, орташа 35 күн болса, парентеральды гепатиттердің инкубациялық кезеңі 6 айға дейін созылады.
Аурудың алдын алу үшін:
Гепатитке қарсы вакцина салдыру!
Иммундау шараларының арқасында жыл сайын 2-3 миллион адамды өлімнен арашалауға мүмкіндік бар. Қазіргі таңда A және B гепатитіне қарсы вакциналар бар. В гепатитіне қарсы салынатын вакцина D гепатитінің алдын алуға көмектеседі. Ал, С гепатитіне қарсы тиімді вакцина әзірге шығарылмаған.
Түркістан облысының санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаменті басшысы Н.Нышанов