Среда, 17 сентября, 2025
24.1 C
Мырзакент
ҮйСЭСЖРВИ мен тұмаудың алдын алу

ЖРВИ мен тұмаудың алдын алу

Жедел респираторлы вирустық инфекциялар (ЖРВИ)-адамзат үшін әлеуметтік экономикалық маңызы бар, айтарлықтай экономикалық зиян келтіретін жұқпалы ауру болып табылады.
Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының мәліметі бойынша жыл сайын маусымдық тұмаудың 1 миллиардқа жуық жағдайы тіркеледі, оның ішінде 3-5 миллионы ауыр түрімен ауырып, 650 мыңға дейін адам қайтыс болады.
Жіті респираторлық вирустық инфекциялар– ауа- тамшы жолмен берілетін және тыныс алу жолдарының сілемейлі қабығын зақымдаумен қоса жүретін тұмау, парагрипп, аденовирустар және респираторлық – синцитиалдық вирустар тудыратын аурулардың жоғары контагиоздық тобы.
Вирустар мен бактериялар тыныс алу жолдарына түседі, шырышты қабыққа түсіп, зиянды заттар уыттар бөліп шығарады, сосын олар қан арқылы барлық ағзаға таралады. ЖРВИ-мен балалар және иммундық жүйесі әлсіреген адамдар жиі ауырады. Иммунитет ауырғаннан кейін тұрақты емес, сондықтан әр адам жыл сайын 3-4 және одан да көп ауруы мүмкін. ЖРВИ әдетте жіті, күтпеген жерден басталады. Жұқтыру мен ауру арасында орташа алғанда шамамен 2 күн өтеді. Ауырар алдында адамды шаршау сезімі, әлсіздік белгілері мазалауы мүмкін. Бұдан әрі бұл белгілер көбейеді, бас ауырады, қатты әлсіздік, бұлшық еттер сырқырайды, дене қызуы жоғарлап, терлегіш болады. Тұмау, тамақтың ауруы, жөтел пайда болуы мүмкін. Тұмаудың белгілері: тұмау температурасының күрт жоғарлауымен (кейбір жағдайларда 40,5 градусқа дейін), кейбір жағдайларда тыныс алу жолдарының зақымдануымен коньюктивит- көздің зақымдану белгілері болуы мүмкін. Тұмау ауруының алғашқы күнінде мұрынның ағуы болмайды. Аурудың ұзақтығы 5 күннен 10 күнге дейін созылады.
Тұмаудың салдарынан вирусты және бактериалды пневмонияға, отит, гайморит, менингит, энцефалит, сонымен қатар септикалық асқынуларға әкеліп соқтыруы мүмкін. Өте ауыр жағдайларда жиі өліммен аяқталады.
Тұмаудың алдын алудың ең сенімді жолы- тұмауға қарсы егу болып табылады.

Тұмау, ЖРВИ аурушаңдығының алдын алу үшін:

  • ең бастысы, тұмау ауруының эпидемиологиялық маусымы алдында жыл сайын уақытылы тұмауға қарсы профилактикалық егу алу; – әрдайым жеке бас гигиенасын сақтап, қолды әрбір іс-әрекеттен кейін, тамақтың алдында сабындап жуу; – үйде желдету тәртібін сақтап, жиі-жиі желдетіп тұру; – эпидемиялық кезеңде халықтың көп шоғырланған жеріне баруды шектеу; – егер жанұяңызда жедел респираторлы вирусты инфекциясымен немесе тұмау ауруымен науқастанған жағдайда өз бетімен дәрі-дәрмек қолданбай, үйге жергілікті емханадан дәрігерді шақыртып, мамандырылған ем алу; – қарым-қатынастағыларға жұқтырмау үшін бір реттік бетперде қолданып, бетпердені әр 3 сағат сайын ауыстырып, қолданған бетперделерді балалардың қолы жетпес үшін тез арада жою.
    Түркістан облысы санитриялық-эпидемиологиялық бақылау департаментінің басшысы Н. Нышанов
ҰҚСАС МАҚАЛАЛАР

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
мұнда сіздің атыңызды енгізіңіз

ЕҢ ТАНЫМАЛ