Жазғы сауықтыру лагерьлеріндегі қауіпсіздік шаралары балалардың денсаулығы мен өмірінің қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында міндетті түрде сақталуы тиіс. Мұндай лагерьлерде балалардың белсенді демалысы мен дамуы үшін қолайлы жағдай жасау – басты міндеттердің бірі. Төменде жазғы лагерьдегі негізгі қауіпсіздік шаралары келтірілген:
Балалардың күн тәртібі нақты жоспарлануы қажет (ұйқы, тамақ, іс-шаралар);
Лагерьге келгенге дейін балалар мен қызметкерлер медициналық тексерістен өту қажет;
Тәулік бойы жұмыс істейтін медициналық пункт немесе медбике болуы тиіс;
Алғашқы көмек көрсетуге арналған дәрі-дәрмек пен құралдармен жабдықталу;
Балаларға жеке тазалықты сақтау ережелері үйрету;
Жуынатын бөлмелер мен санитарлық тораптар таза және қауіпсіз жағдайда болуы керек;
Бассейндерде және су айдындарында шомылу кезіндегі су температурасы + 20°C төмен емес, ауа температурасы + 23°C төмен емес жағдайда суға шомылу;
Қауіпсіз ұйымдастырылған ауыз су режимі болу қажет (тек қайнаған су немесе буылған-түйілген ыдысқа құйылған су тұтыну).
Сонымен қатар, жазғы лагерьлерде балалардың денсаулығы мен қауіпсіздігін сақтау мақсатында рұқсат етілмеген өнімдер мен заттардың нақты тізімі болады. Бұл тыйымдар балалардың дұрыс тамақтануын, санитарлық-гигиеналық талаптардың сақталуын және жалпы қауіпсіз ортаны қамтамасыз етуге бағытталған.
Лагерьге рұқсат етілмеген өнімдер тізімі:
1. Газдалған сусындар;
2. Энергетикалық сусындар;
3. Чипсы, кириешки, сухарики;
4. Шоколад пен тәттілердің көп мөлшері;
5. Тез бұзылатын тағамдар: үйден әкелінген ет, балық, сүт өнімдері, торттар;
6. Сақтау мерзімі қысқа йогурт, ірімшік т.б.
7. Кептірілген және ысталған теңіз өнімдері
8. Сағыз
9. Кофе және кофеин қосылған сусындар
10. Тәтті газдалған шырындар (әсіресе бояғыштар мен қант мөлшері жоғары түрлері)
Бұл өнімдер асқазан-ішек ауруларын тудыруы мүмкін. Аллергия немесе улану қаупі бар. Дұрыс тамақтану режимін бұзады. Балалардың белсенділігі мен ұйқы режиміне кері әсер етеді.
Ата-аналарға ұсыныс:
• Лагерьге баланы жіберерде тек рұқсат етілген өнімдер мен заттар салынғанына көз жеткізіңіз.
• Егер балаға арнайы тағам немесе дәрі-дәрмек қажет болса, оны лагерьдің медицина қызметкеріне тапсырып, жазбаша нұсқаулық қалдырыңыз.
Лагерь – бұл тек демалыс емес, сондай-ақ баланың дұрыс өмір салты мен тәртіпке бейімделу кезеңі. Қауіпсіздік пен денсаулық – бәрінен маңызды!
Түркістан облысының санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаменті басшысының орынбасары А.Искаков