Среда, 28 мая, 2025
22.6 C
Мырзакент
ҮйСЭСЖаздық лагерь балалар үшін қызықты және танымдық демалыс

Жаздық лагерь балалар үшін қызықты және танымдық демалыс

Оқушылар үшін жылдың ең сүйікті мезгілі – жаз және жазғы демалыс. Бұл балалардың дамуы, тәрбиесі, денсаулығы үшін өте маңызды рөл атқарады. Жазғы сауықтыру ұйымдарының негізгі міндеті–балалардың қауіпсіз демалуын және сауықтыруын қамтамасыз ету болып табылады. Мектеп оқушыларының жалпы физиологиялық, сана–сезімдік, дүниетанымдық тұрғыда дамуына, жетілуіне сапалы жазғы демалыс қажет.

Жаз маусымында облыста 30 дан астам балаларды сауықтыру лагерлерінің жұмысы басталу жоспарлануда және онда 35 мыңнан астам бала сауықтырылады.

Бұл лагерлер орналасуы бойынша Түркістан облысы аумағында болғандықтан жұмысын бастамас бұрын санитарлық-эпидемиологиялық қорытынды алу үшін облыстың аудандық, қалалық санитариялық-эпидемиологиялық басқармаларына өтініш түсіруі қажет.

Балаларды жазғы сауықтыру лагерлерінің қызметі Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің м.а. 2022 жылғы 10 тамыздағы «Балалардың сауықтыру және санаторий объектілеріне қойылатын санитариялық-эпидемиологиялық талаптар» №ҚР ДСМ-78 бұйрығының талаптарына сәйкес ұйымдастырылуы тиіс.

Негізгі талап маусымдық жазғы лагерьлерде балаларды сауықтыру жөніндегі қызметті жүзеге асыратын заңды және жеке тұлғалар объектілерді пайдалануға беру алдында санитариялық-эпидемиологиялық қорытынды алуы тиіс.

Әрбір сауықтыру мекемесі дайындығының нәтижесіне қарай берілетін санитариялық-эпидемиологиялық сәйкестігі жөніндегі қорытындысы болмаған жағдайда, объектіге балаларды кіргізуге тыйым салынады.

Сонымен қатар, лагердегі балалардың тамақтануына басты назар аудару қажет. Балаларды бес реттік тамақтандыру рационында витаминді-минералдық кешенмен байытылған тамақ (темірмен байытылған ұн, йодталған тұз, йод пен және басқа да микроэлементтермен байытылған) өнімдері көзделеді. Балалардың жаппай улануына жол бермеу, инфекциялық аурулардың алдын алу және жалпы денсаулығына зиян келтірмеу үшін лагерь асханаларының жағдайы санитариялық талаптарға сәйкес болуы және бұл асханаларда дайындалатын тағамның қауіпсіз болуы қатаң бақылануы қажет.

Балаларыңыз үшін жақсы, пайдалы және қызықты демалыс тілейміз!

Түркістан облысының санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаменті басшысының орынбасары А.Искаков

ҰҚСАС МАҚАЛАЛАР

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
мұнда сіздің атыңызды енгізіңіз

ЕҢ ТАНЫМАЛ