Жаңа жылдық мереке жақындауына орай әрбір үйде тағамның түр-түрінен және мол қылып мерекелік дастархан жайылады.
Сондықтан, мерекелік күндері денсаулығыңызға қауіп төндірмеу үшін Сізге алдын ала барлық қауіп факторларын анықтап, одан сақтануға кеңес береміз.
Осындай қауіп факторларының бірі — тағамнан улану.
Егер, тағам өнімдері сатып алғанда сапасыз болса немесе тағам алдын ала дайындалған болса, әсіресе мерекеден кейінгі үстелден қалған тағамдар желінген жағдайда улану қаупі туындайды.
Тамақтан улану қаупін болдырмау және қауіп дәрежесін азайту үшін келесідей қағидаларды сақтауды ұсынамыз:
— тағам сатып аларда қаптаманың тұтастығына, өндіру мерзіміне, жарамдылық және сақтау мерзіміне көңіл бөліңіз;
— қаптамада көрсетілген өндіруші ұсынған мерзімге дейін сақтаңыз;
— тағамды тек жаңа өнімдерден дайындаңыз;
— салатқа арналған көкөністерді кешкісін дайындап, салқындатып, тоңазытқышта сақтаңыз және мереке басталуына 2 сағат қалғанда турап, ұсынар алдында араластырыңыз (ең дұрысы маймен);
— кондитерлік өнімдерді, кремді торттарды бөлмеге алдын ала қоймаңыз, сақтау барысында температуралық режимді сақтаңыз;
— мерекеден кейін тез бұзылатын тағам қалдықтарын тастап және жаңадан дайындаңыз;
— тағам дайындау барысында температуралық режимді сақтаңыз;
— жеміс-жидектерді мұқият жуыңыз;
— тағам дайындау барысында жеке бас гигиенасын сақтаңыз;
Негізінен қысқы кезеңге дайындалған және мерекелік жаңа жылдық үстелдердің ажырамас бөлігі болып табылатын үй жағдайында дайындалған (саңырауқұлақтар, қиярлар, қызанақтар, кәділер және т.б.) консервіленген көкөністерге ерекше назар аудару қажет. Сапасыз консервіленген ауа кірмейтін, герметикалық жабық банкадағы көкөністерде ауру қоздырғыштарының өмір сүруі үшін қолайлы микробтар түсі, иісі жоқ және дәмі жоқ, жылан уынан 250-ден есе күшті токсиндер бөледі. Бұл токсиндер ағзаға енген жағдайда дені сау ағзада ауыр «Ботулизм» ауруы туындап, асқынуынан өлімге әкелуі мүмкін. Консерві қақпағы сәл көтерілуі (бомбаж) байқалса немесе өнімнің сапасына қандай да бір күмән болса өнімді қолданудан бас тартыңыз.
Көшелерден және базардан үйде дайындалған консервілерді, сондай-ақ үйде дайындалған ет және балық өнімдерін сатып алудан сақ болыңыз. Дүкендерден қақпағы көтерілген немесе күмәнді өнімдері бар консервілерді сатып алмаңыз.
Егер, Сіз дастархан жаю барысында туыстарыңыз бен қонақтарыңыздың қауіпсіздігін ойласаңыз, ұсынылған кеңестерге құлақ асыңыз.
Тағамнан улануға күдік туындаса (іш ауруы, жүрек айну, құсу, іш өту және т.б.) тез арада қажетті медициналық көмек алу үшін дәрігерге жүгіну қажет, өздігіңізден ем алмаңыз.
Түркістан облысының санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаменті басшысының орынбасары А.Искаков


