Вторник, 14 октября, 2025
16.1 C
Мырзакент
ҮйСЭСТұрмыстық химиялық уланудың алдын алу

Тұрмыстық химиялық уланудың алдын алу

🔹 Сақтау ережелері

• Химиялық заттарды балалар мен жануарлардың қолы жетпейтін жерде сақтаңыз.

• Арнайы жабылатын қақпағы бар ыдыстарда ұстаңыз.

• Тамақ өнімдері мен сусындардың қасына қоймаңыз.

• Заттарды түпнұсқа қаптамасында сақтап, бөтелкесінауыстырмаңыз.

🔹 Қолдану кезінде

• Нұсқаулықтағы қолдану мөлшерін сақтаңыз.

• Қолғап, кей жағдайда маска кию ұсынылады.

• Бөлмеде жұмыс істегенде терезені ашып, желдетудіқамтамасыз етіңіз.

• Әр түрлі химиялық заттарды (мысалы, хлор мен қышқылдарды) араластырмаңыз – уытты газ бөлінуімүмкін.

🔹 Жеке қауіпсіздік

• Химиялық затпен жұмыс істеген соң қолды сабындапжуыңыз.

• Артық немесе ескі тұрмыстық химияны дұрыс жолмен(қоқысқа арналған арнайы орындарға) тастаңыз.

• Қаптаманы қайта пайдаланбаңыз (мысалы, су немесеазық сақтауға).

🔹 Улану қаупі туған жағдайда

• Көзге немесе теріге тисе – мол сумен шайыңыз.

• Тыныс алу қиындаса – таза ауаға шығыңыз.

• Ішке кетсе – құстыруға болмайды, дереу «103» жеделжәрдем шақырыңыз.

• Дәрігерге қандай затпен уланғаны туралы қаптамасын көрсетіңіз.

Түркістан облысының санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаменті басшысының орынбасары А.Искаков

ҰҚСАС МАҚАЛАЛАР

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
мұнда сіздің атыңызды енгізіңіз

ЕҢ ТАНЫМАЛ